ҚАРУ-ЖАРАҚ, АҢШЫ ЖӘНЕ АҢШЫ ҚҰРАЛДАРЫ
Белі бүкір,
Алысқа түкір.
/Мылтық/.
Бас бармағы бармақтай,
Бақырғаны тайлақтай.
/Мылтық/.
Даусы Самарқанға жетті.
/Мылтық/.
Баласы қайта келмес шақырғанға.
/Мылтық/.
Күн гүрс етті.
Жырадағы жылқы үрікті,
Жымда жатқан түлкі үрікті.
/Мылтық/.
Көз алдыма әкелсем,
Алыс жерге түкірген.
Ебін тапсаң инедей,
Айтқан жерден түйрелген.
/Мылтық, оқ/.
Жаққан оты көмірден,
Шыңырау деген бір құс бар,
Жұмыртқасы темірден.
/Мылтық, оқ/.
Жырғадан өткен.
/Мылтықтың оғы/.
Құтырған торғай ұшты.
/Мылтықтың оғы/.
Даусы Бұхарға жетті.
/Мылтықтың даусы/.
Жап-жалтыр қара шойын шыға қашар,
Әкесі ашуланса баласына.
/Мылтық/.
Жалпылдап жанған оты қолын сермер,
Шыңыраудан мойны ұзын шығады екен,
Шошынар жанды мақұлық оны көрген.
/Оқ/.
Судыр қара дөненім,
Желіп кетсе жеткізбес,
Түсіп кетсе таптырмас.
/Оқ/.
Ұшқан құстан озады.
/Оқ/.
Қонса қарап жатар.
/Зеңбіректің оғы/.
Бар тетігі адамзатқа бағынған.
Мерт қылады жақын келген нәрсені,
Қастық қылса жаудың жайы табылмаған.
/Бомба/.
Шаң көтерген аспанға.
/Бомба/.
Түскен жерін қиратқан.
/Снаряд/.
Жөтеледі,құсады,
Құсығы жоқ жалынды,
Түскен жерін өрт құшады.
/Пушка/.
Тастамайтын құралы,
Кішкене ғана қозғалса,
Жапыра жауды қырады.
/Пулемет/.
Мойнында жалын қамыт ноқталанған.
Ұзын тұмсық құйрығы келте келген,
Тиіп кетсең бұрқылдап сыртылдаған.
/Пулемет/.
Болаттан киген көйлегі.
Жапырып жауды үстінен
Баса-көктеп өтеді.
/Танкі/.
Мысалы аяқпенен аузын ашар,
Өлік құс тірі құстың қанын шашар.
/Садақ/.
Жоны тайқы.
/Қылыш/.
Ілініп бір бөлігі салақтаған.
Асылды ішіндегі алсаң тартып,
Тіліндей оқ жыланның жалақтаған.
/Қылыш/.
Артына киіз жамаған.
/Қақпан/.
Көтерілмес орнынан тұр дегенде,
Қарап жатыр десең де қимылы тез,
Жылдамдығын білдірер білмегенге.
/Қақпан/.
Ешкімді құтқармайды келсе кезі.
Қызығы әр жәндіктен алып жесе,
Ғажайып маңдайында жалғыз көзі.
/Қақпан/.
Шіреніп жатқан бір мықты.
Тие көрме құрғырға,
Тиіп кетсең ырғытты.
/Қақпан/.
Жалғанда сағасынан бір-ақ басып,
Ұстайды, жібермейді кім болса да,
Қалады байқамаған асып-сасып.
/Қақпан/.
Қызметке жақынырақ жүрер жағы.
Жұмсасаң жібермейді, іркілмейді,
Жаурадым, шөлдедім деп айтпас тағы.
/Қақпан/.
Жер астында жатыр.
/Қақпан/.
Жанарсың бұл нәрсені көзің көрсе,
Бір қабат астынан орын теуіп,
Ұстайды кімді болсын кезі келсе.
/Қақпан/.
Айдалаға тастаған.
/Қақпан/.
Оятып өз жанынан қаза тапқан,
Нәрсеге не болса да өзі тажал,
Аяғы сондай мықты жерге батқан.
/Қақпан/.
Аузы бар, денесі жоқ,
Қолы бар, аяғы жоқ.
/Қақпан/.
Оны жұрт киізге орап көрге салған.
Біраз күн көр ішінде жатып-жатып,
Бір күні өзі кетіп орны қалған.
/Қақпан/.
Белгісіз сықырлаған есіктері,
Есігін байқаусызда түртіп қалсаң,
Жібермей ұстай алған кәсіптері.
/Қақпан/.
Қалады шыққан кезде бір-ақ тасып,
Құдайдан күні-түні тілек тілеп,
Жатады көкке қарай аузын ашып.
/Қақпан/.
Сүйреттім ойдан қырға аямай-ақ.
/Қармақ/.
Ұқсамас еш сипатқа оның түрі.
Өзі жансыз айдаһар жандыны алған,
Жеріне жақындаған кетпес тірі.
/Қармақ/.
Бермесең тілейді,
Берсең-“алам”- дейді,
Өзің түссең-“қалам”- дейді.
/Қармақ/.
Бір елден пошымын ол қаратады,
Қарасаң бар денесі бір-ақ уыс.
/Томаға/.
Адамға әр уақытта болар туыс.
Бір ердің мақұлығы тоқтатады,
Адамға мұны таппақ қиын жұмыс.
/Томаға/.
Жыртық дейін десем жыртық емес.
Жануармен ұрыс салады,
Өне бойы тыртық емес.
/Ау/.
Бүтін дейін десем бүтін емес,
Жыртық дейін десем ұстағанын жібермес.
/Ау/.
ҚАТЫНАС, ЖҮРІС-ТҰРЫС
Ұзын
терек,
Саясы
жоқ.
/Жол/.
Ұзын-ұзын
ұз келер,
Ұзын
бойлы қыз келер.
/Жол/.
Ұзын-ұзын,
ұзын жіп,
Ұшы
қайдан табылар?
/Жол/.
Жусаннан
аласа, таудан биік.
/Жол/.
Адамзаттың
баласы,
Менсіз
кәсіп қылмас та,
Басымды
мен көтерсем,
Аспан
көкке жетермін.
/Қара
жол/.
Бір
қырман ұп-ұзын қып қойдым шауып,
Помощқа
елдің көбін қойдым жауып,
Аспанда
бұрқырады,топан ұшты,
Алмады
жалғыз дәнді адам тауып.
/Қара
жол/.
Бір
жолда екеуі жарысады,
Бір-бірінен
оза алмай алысады.
/Темір
жол/.
Бір
заттың салмағы ауыр сансыз тонна,
Ұстаған
емес оны ешкім қолға.
Пайдасы
барлық заттан артығырақ,
Сәнменен
кере тартып жатар жолда.
/Рельс/.
Бір
нәрсе өзі жансыз ырғытылып,
Өзінің
аяғы жоқ бір мақұлық.
Жаз
болса көк шалапты сапырады,
Шөмішін
бір шығарып, бір батырып.
/Қайық/.
Тап-тап,тап
басқа,
Табаны
жалпақ көк қасқа,
Үйірге
салсаң кісінемес,
Шөптің
басын тістемес.
/Қайық/.
Адам
істеп шығарған бір жануар,
Құрғақ
жерде жаны жоқ,суда болар,
Жаз
болса күні-түні су ішінде,
Бұл
не еткен жануар табыңыздар./Қайық/.
Қозғасам
бара берген жардан жарға.
/Қайық/.
Шапсаң
жаңқасы жоқ,
Жүрсең
ізі жоқ,
Кессең
қаны жоқ.
/Қайық/.
Сойсаң
қаны жоқ,
Жеуге
еті жоқ.
/Қайық/.
Екі
басты белі бар, омыртқа жоқ,
Сүбелік
бүйрегі бар, қабыртқа жоқ.
Жүргенде
құс табаны жерге тимес,
Бақай,
тірсек, толарсақ, тобық та жоқ.
/Қайық/.
Бар
екен екі басты бір мақұлық,
Жүреді
аяғы жоқ ырғатылып.
Жаз
болса сары қымыз сапырулы,
Қасығын
бір шығарып,бір батырып.
/Қайық/.
Тоғайда
туып, суда өмір сүреді.
/Қайық/.
Тап-тап,
табаны ақ,
Табаны
жалпақ қоян ақ.
Басып
кетсе ізі жоқ,
Бауыздаса
қаны жоқ.
/Қайық/.
Тарыға
торғай қонса сақпан біледі,
Түлкіні түнде
жорытқан қақпан біледі.
Бір
жұмбақ мен айтайын сіз тыңдаңыз,
Ат
құсап шалқасынан жатқан біледі.
/Қайық/.
Үсті
тақтай, асты тақтай,
Балалары
ойнайды,
Барып
тоқтамай қоймайды.
/Паром/.
Ербегей
де сербегей,
Иесіз
үйге кірмегей,
Атсыз
сірә жүрмегей.
/Арба/.
Басы
жоқ төрт аяқты жансыз бір зат,
Құлағы
жоқ, көзі жоқ бейне ол ат.
Жүк
артсаң белі тағы майыспайды,
Құйрық-жалсыз
ол неткен меңіреу зат?
/Арба/.
Қырда
ағаш,
Ойда
ат.
/Арба/.
Қадамы
жоқ ізінің, аяғының,
Созса
ұшы жетпейді таяғының.
Екі
қолын айуанға артып алып,
Әніне
салады екен баяғының.
/Арба/.
Тарақ
сияқты ергенек,
Ай
сияқты дөңгелек.
/Арбаның
дөңгелегі/.
Төрт
бала бірін-бірі қуалады.
/Арбаның
дөңгелегі/.
Елде
артын барлайды,
Жүгірсе
артын жарлайды,
Ми
айналып қалмайды.
/Арбаның
дөңгелегі/.
Болғанда
екеу аға, төртеу ала,
Жиырма
сегіз екен тапқан бала.
Өзімен
ол көп жүкті көшіреді,
Қандайлық
мықты болған жүзі қара.
/Арбаның
екі жетегі,төрт дөңгелегі,шабақтары/.
Екі
таяқ көтердім,
Ортасынан
итердім.
/Арба
айдау/.
Бір
жұмбағым бар, асты қар,
Қадамы
жоқ, ізі бар,
Мойнында
жібі бар.
/Шана/.
Табаны
жалпақ боз жорға,
Тайпалсын
десең, сал жолға.
/Шана/.
Тайпаңдайды
бүгіліп құла жорға,
Маңызданып
аяғын басар зорға.
Неше
күн дамыл алмай жүрсе-дағы,
Иіліп
жерден шөпті жемес сонда.
/Шана/.
Жол
үстінде пөстек,
Оны
таппаған естек.
/Көпір/.
Жол
үстінде төсек,
Оны
таба алмаған есек.
/Көпір/.
Жалғаған
ел ортасын,
Жатыр
тосып арқасын.
/Көпір/.
ҚОЛ ІСІ
Шаршамас
кемпір көрдім жалғыз аяқ,
Аузына
тістеп алған шиден таяқ,
Жүрген
сайын белбеуін қабаттайды,
Беріпті
әсемдікті аямай-ақ.
/Ұршық/.
Ақ
күшігім жүгіре-жүгіре буаз болды.
/Ұршық/.
Жалғыз
ғана көзі бар,
Алтыннан
белбеуі бар,
Жыңғылдан
таяғы бар.
/Ұршық/.
Мұрның-мұрның,
мұрынды,
Мұрның
неден жырылды?
Аузы-басын
түк басып,
Сені
неден жын ұрды?
/Ұршық/.
Көк
лағым көген сүйреді.
/Ұршық/.
Көрінген
жол үстінде доғалай бас,
Қолы
жоқ, аяғы жоқ бұл қалай бас?
Жағынан
шапалақпен сипап ұрсаң,
Атындай
жолаушының жорғалай бас.
/Ұршық/.
Зырлайды
күшік әжемнің
Қолынан
сүйек кеміріп,
Күн
асқан сайын ақ күшік
Барады
мүлде семіріп.
/Ұршық/.
Жиһанда
бір құс көрдім жалғыз аяқ,
Аузына
тістегені қылдан таяқ,
Бір
ұрсаң шапалақпен семіреді,
Белбеуі
бар белінде сансыз қабат.
/Ұршық/.
Бар
екен бір мақұлық жалғыз аяқ,
Аузына
тістегені шетен таяқ,
Құдайдың
құдіретіне таңғажайып,
Белбеуі
беліндегі тоқсан қабат.
/Ұршық/.
Ақ
лағым арық еді,
Құйымшағы
сымпиған.
Әжем
бір күн бағып еді,
Семіз
болды бұлтиған.
/Ұршық/.
Шыр
көбелек айналар,
Беліне
жіп байланар.
/Ұршық/.
Бөркі
бар жақсы басында,
Он
кісі бар қасында,
Бұйда
тағып жетектеп,
Үйреттім
өзім жасында.
/Ұршық/.
Іші
қуыс,
Тысы
тас.
/Ұршық
бас/.
Бар
екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол
көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді
он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден
жап-жалаңаш өзі безді.
/Ине/.
Сүйегі
бар, еті жоқ,
Көзі
бар, беті жоқ.
/Ине/.
Тап-тап,
тап жорға,
Табаны
үшкір көк жорға,
Желіп
кетсе жеткізбес,
Жерге
түссе табылмас.
/Ине/.
Жылт-жылт
еткен,
Жылғадан
өткен.
Балдырған
безген,
Кентті
кезген.
/Ине/.
Бір
кішкене білауыз,
Ол
білауыз шығып болса,
Жұрттың
бәрі жалауыз.
/Ине/.
Кішкене
темір,
Шидеректің
о жағынан,
Бұ
жағынан өтеді.
/Ине/.
Байлап
едік тайлақты,
Мұрнынан
арқан өткізіп,
Байласам
да тұрмайды,
Шыр
айналып жүгіріп.
/Ине/.
Жылт-жылт
етеді,
Жүгіріп
өтеді.
/Ине/.
Кірш-кірш
етеді,
Ішіне
кіріп кетеді.
/Ине/.
Жылмаң-жылмаң
етеді,
Жылмаңдатып
сайдан өтеді,
Із-міз
тастап өтеді.
/Ине/.
Мұрнында
байлауы бар,
Адамның
айдауы бар.
/Ине/.
Дүниеде
бір жебір құрт бар,
Артында
бір жібі бар.
/Ине/.
Дүниеде
бар екен жалғыз көзді,
Киімін
үйіп тастап, күдер үзді.
/Ине/.
Жүгіріп
кетсе жүйрік бір,
Лып-лып
етіп ойнаған.
Кереметі
құйрық бір,
Құтаймай-ақ
қойды оған.
/Ине/.
Қылдырықтай
бір нәрсе иретілген,
Мойнында
ұзын арқан сүйретілген.
/Ине,
жіп/.
Бір
тышқанда екі құйрық.
/Ине,
жіп/.
Аузы
менен көзі бар,
Сүйретіп
досын ертіп жүр.
/Ине,
жіп/.
Сулап-сулап
тұрғыздым,
Итеріп-итеріп
кіргіздім.
/Ине,жіп/.
Бастайды
көп жыланды бір көк жылан,
Бір
нәрсе жыландармен соғыс қылған,
Көк
жылан бір нәрсеге көнек болып,
Тауысып
барлығын да тыныш қылған.
/Ине,
жіп/.
Жансыз
бір зат адамның айтқанын қылғызады,
Семсерін
сермеп, найзаға тік тұрғызады,
Шағылысуы
бар, баласы болмайды,
Күндіз
шағылысады, түнде дем алады.
/Ине,
түйме, түймені тігу/.
Сүйрей,
сүйрей сүйреткімді жоғалттым.
/Сабақты
ине/.
Ін
қазып тұмсығымен жып-жып еткен,
Арқаны
жүреді артта қалмай ерткен.
Жыбырлап
істегені тез өнеді,
Іс
қалып алғыс алар талай көптен.
/Біз,
тарамыс, етікші/.
Екі
басты жалмауыз,
Кейіп
аузын ашады.
Алдына
түскен нәрселер,
Өзінен-өзі
қашады.
/Қайшы/.
Бір
әйеки құс екі қанатының,
Ұшында
екі көзі бар,
Анжал-манжалды
өзі алып жей алмайды.
/Қайшы/.
Тіс
деген жоқ, ерні өткір,
Қазықтаулы
көмейі.
Қан
шығармай өмірде бір,
Өлтіреді,
жемейді.
/Қайшы/.
Бар
екен бір жансыз зат сиыр тұмсық,
Матаның
күнде жейді басын қыршып,
Матаның
жеген сайын басын қыршып,
Артынан
түбіт тұрар қыл-қыбыршық.
/Қайшы/.
Бір
нәрсе өзі жансыз жоқ қой жаны,
Бір
тарау ортасында байлағаны.
Өзі
жансыз жандының себебімен,
Қалады
жерге түсіп шайнағаны.
/Қайшы/.
Бір
нәрсе үш аяқты сүйір тұмсық,
Жейді
екен бір жайынның басын қыршып.
Жесе
де ол жайынның тояры жоқ,
Қарасаң
ішін ашып шөп пен қылшық.
/Қайшы/.
Қолымда
бір құсым бар екі басты,
Аяғын
басқан кезде нәрсе қашты.
Аузын
аждаһадай ашқан кезде,
Өлектеп
атып тастар ішкен асты.
/Қайшы/.
Жарқылдаған
қос қылыш,
Қолға
тисе жоқ тыныш.
/Қайшы/.
Сызылған
жолға түседі,
Бойына
шақ қып пішеді.
/Қайшы/.
Екі
темір бірігіп,
Кесіп,
пішіп береді,
Екеуі
бірге жүрмесе
Жоқ
қой бізге керегі.
/Қайшы/.
Бір
шұқырда мың шұқыр.
/Оймақ/.
Мылжа
басты,
Мың
көзді.
/Оймақ/.
Адамға
сонша пайдалы,
Басында
сансыз көзі бар.
/Оймақ/.
Бір
атым бар өзі өте шабан,
Бірден
артық мінбейді оны адам,
Қамшылап
күні бойы тебінсем де
Япыр-ай
жылжымайды төрт-бес қадам.
/Өрмек/.
Қыл-қыбыр
да жүн қыбыр,
Жұла
берсе жарасар.
Екі
мұртын қайырып,
Ұра
берсе жарасар.
/Өрмек/.
Қылмаң-қылмаң
етеді,
Қаға
берсең жарасар.
Екі
жағын жапырып,
Ұра
берсең жарасар.
/Өрмек/.
Жүріп
келем, жүріп келем,
Екі
етекті қусырып ұрып келем.
/Өрмек
тоқу/.
Қосақтап
серпе бердім,
Соңынан
жорта бердім.
/Өрмек
тоқу/.
Сөкі
басын сөлкитіп соға берсең бітеді,
Екі
бұтын талтайтып ұра берсең бітеді.
/Өрмек
тоқу/.
Міне,
шашым, аллаға,
Бақан,
қылыш, қолға ала,
Қолымда
қамшы орама
Қылыш
салдым тамақтан,
Тамшы
да жоқ қан аққан,
Өлтіріп
әбден болғанда
Көргеннің
бәрі жаратқан.
/Өрмек
тоқу/.
Жыңғыл
тақтым жұртыңа,
Жылпылдап
бұтыңа,
Әне-міне
дегенше,
Өте
шықтым сыртыңа.
/Өрмек
тоқу/.
Өзен
бойын өрледім,
Су
таба алмай шөлдедім,
Оң
қолымдағы найзаны,
Олай-бұлай
сермедім.
/Өрмек
тоқу/.
Ұзын-ұзын
жолдар бар,
Үйрек
қонар көлдер бар.
Ат
үстінде шоқиып,
Отыратын
күндер бар.
/Өрмек,
шекпен тоқу/.
Сиыр
сойдым жұртыма,
Сымпылдаттым
бұтыма.
/Өрмек
және оны тоқушы әйел/.
Мамық,
шуаш иісті,
Шыр
айналып жіп болар,
Тоқыса
жылылығы күшті
Ағашқа
құйындап оралар.
/Иірілген
жүн, жіп/.
Құрап-құрап
тон піштім,
Құлынды
биеге бергісіз.
/Тоқылған
ши/.
Жарға
жаңқа жабысқан,
Екі
үзеңгі қағысқан.
/Ши
тоқу/.
Шым
шиедей қотыр.
/Кесте/.
ҚҰСТАР ТУРАЛЫ ЖҰМБАҚТАР
Қырық
қылыш, найзалы қай жануар,
Асынған
және он екі қанжары бар.
Көңіл
жер мен көктің арасында,
Жігіттер,
мұны байқап аңғарыңдар.
Болады
бұған әуес көп адамзат,
Шежіре
көкірегі жазылған хат.
Қолына
шынжыр арқан ұстап жүріп,
Астына
мініп отыр алтыннан тақ.
Басында
құрулы тұр алтын шатыр,
Ғайыптан
қызығы бар бұл бір батыр.
Барғанын
тіпті аман жібермейді,
Адамзатсыз
болмайды әуел ақыр.
/Бүркіт,
қырық қылыш-жиырмадан екі қанаты, он екі қанжар-он екі тал ұзын құйрығы, сегіз
найза- тұяқтары, шынжыр арқан-аяқ бауы, алтыннан тақ-тұғыры, алтын
шатыр-томағасы/.
Үйде
отырады, жатпайды,
Көзін
терімен қаптайды.
Жазда
бекер тұрса да,
Бергенді
қыста ақтайды.
/Бүркіт/.
Далаға
отау тіктім қонақ үшін,
Қонақ
кісім ақылы шолақ үшін,
Қонақ
қонып жатқанда үй жығылып,
Үй
үстінде қалыпты қонақ кісім.
/Бүркіт/.
Бір
нәрсе екі аяқты, сегіз бармақ,
Іліксе
дүниенің бәрін алмақ.
Өзінің
тілі бар да тістері жоқ,
Жұтады
көрінгенді алмап-жалмап.
/Бүркіт/.
Таудан
тоқым лақтырдым.
/Бүркіт/.
Қара
арғымақ мінгенім,
Қыр
айнала жүргенім,
Сегіз
найза сенгенім,
Он
екі қылыш ілгенім.
/Бүркіт/.
Айуан
екі аяқты, асқан батыр,
Басына
о батырдың тіккен шатыр.
Шешерсің
дана болсаң бұны біліп,
Кел-кел
деп, қан майданға шығысқанда,
Бір
айла адамзатта болып жатыр.
/Бүркіт/.
Елең,
елең етті,
Қарға
ауылға қона кетті,
Қақтың
суын іше кетті.
/Бүркіт/.
Жер
басқанның жүйрігі,
Аспаннан
келер бұйрығы.
Бұйрығы
жетіп келгенде
Шошаңдайды
құйрығы.
/Бүркіттің
қоянды алуы/.
Ерте
тұрады,
Жар
шақырады.
/Қораз/.
Басы
тарақ,
Арты
орақ.
/Қораз/.
Қызылдан
киген киім, басқа қалпақ,
Саусағы
төртеу болған, емес жалпақ.
Үстіне
неше түрлі тон жамылып,
Басады
мас адамша талтақ-талтақ.
/Қораз/.
Дүниеде
бір молда
Уағында
азан оқиды.
Мезгілінде
айқайлап,
Қайтып
кеп жер шұқиды.
/Қораз/.
Бір
топ қамыс ішінде
Шақырады
жанды гүл.
/Қырғауыл/.
Бір
топ жыңғыл ішінде,
Бір
жапырақ қызыл гүл.
/Қырғауыл/.
Айтамын
бір жұмбақты сізге нұсқап,
Басына
бөрік киер, құндыз ұстап.
Үстіне
ақ камзолын киіп алып,
Жүреді
екі қолын артына ұстап.
/Сауысқан/.
Бір
мақұлық түспейді екен мұнарадан,
Бір
күнде тағам татар әр қарадан.
Басында
қара жылтыр кепесі бар,
Белінде
белбеуі бар күлпарадан.
/Сауысқан/.
Бір
құс бар жан білмейтін ішкен асын,
Адамға
көрсетпейді жұмыртқасын.
/Жарқанат/.
Бар
екен бір мақұлық шағын ғана,
Мекені
күндіз оның биік жарда.
Ұшпайды
ол мақұлық күндіз тіпті,
Ұшады
кешке таман күн батқанда.
/Жарқанат/.
Әкесі
тышқан,
Шешесі
құстан.
/Жарқанат/.
Күндіз
жоқ,
Түнде
бар.
/Жарқанат/.
Жар
басында жарбиған,
Құлақтары
қалбиған.
Тышқан,
құс аңдып жүреді,
Бұл
құсты кім табады?
/Жарқанат/.
Күндіз
ұшпас,
Түнде
ұшар,
Құс
қанатты,
Тышқан
суретті.
/Жарқанат/.
Бір
құс бар үлпілдеген жүні жұмсақ,
Тұяғы
бейне болат алмас пышақ.
Тұмсығы
имек, көрмейді күндіз көзі,
Шарықтап
көкті кезіп, түнде ұшады.
/Үкі/.
Мысық
бастан,
Жапалақ
түстен.
/Үкі/.
Қайталап
атымды,
Көктемде
ән саламын.
Кез
келген ұяға,
Жұмыртқа
табамын.
/Көкек/.
Даланың
көріп пе едің молдаларын,
Тыңдаңыз
ол сорлының айтқан зарын.
Жиылып
бір араға ойбайлайды,
Кез
келген дүниеге ол бір жарым.
/Торғай/.
Тал
басында ағаш үй,
Терезесіз
тамаша үй.
Соны
мекен етеді,
Қыста
алысқа кетеді.
/Қара
торғай/.
Желіп
кетсе, жеткізбейді,
Тап
қасында жатса да адам көрмес.
/Бөдене/.
Меңгіл-меңгіл,
меңгілше,
Меңгілде
бар тарғылша.
Желіп
кетсе жеткізбес,
Жерге
түссе табылмас.
/Бөдене/.
Сөйлесе
сөзді,
Айтса
ауызды,
Тынысы
басқа,
Маңдайы
қасқа.
/Тоты
құс/.
Аққу
емес, мойны ұзын,
Тырна
да емес, сирақты.
Аулайды
балық күн ұзын,
Түсіреді
еске жирафты.
/Балықшы
құс/.
Тұмсығымен
ояды,
Ұя
салып қояды.
Табыңдаршы,
балалар,
Ол
қандай құс болады?
/Тоқылдақ/.
Қызыл
жыңғыл түбінде,
Қыздай
болып отырмын.
Беті-қолымды
жуып алып,
Мұздай
болып отырмын.
/Қырғауыл/.
Ай
астында жортқан,
Күн
астында жортқан,
Күміс
сырнай тартқан.
/Қаз,
қу/.
Балпаң-балпаң
басады,
Адамнан
қатты сасады.
Саусақтары
салалы,
Қыста
жылыға қашады.
/Қаз/.
Екі
аяғы да жоқ,
Белінде
таяғы да жоқ.
/Жұмыртқа/.
Айтайын
бір жұмбақты саған нұсқап,
Басына
бөрік киер қара пұшпақ.
Үстіне
ақ камзолын киіп алып,
Тұрады
екі қолын артына ұстап.
/Ала
қарға/.
Ұзын
сирақ, түйе бас,
Жібек
жалды қара шаш.
Қарап
тұрсаң керуен,
Жасағаны
серуен.
/Тырна/.
Көлде
жүрген көп сиыр,
Жетіп
барсаң, жоқ сиыр.
/Үйрек/.
Шелектеп
құйсаңда су жұқпас.
/Үйрек/.
Таңертең
қашқан сиыр кеште бұзаулайды.
/Тауық/.
Күн
батса қонақтап қалғыған,
Таң
атса жерден жем аңдыған.
/Тауық/.
Құрықсыз
тұлпар ұстадым,
Кеште
құр-құрлап.
/Кеште
тауықты ұясына қамау/.
Тал
басында түндіксіз отау.
/Ұя/.
Ағаш
басында,
Тас
арасында,
Әр
алуан қуыста
Түндіксіз
отау.
/Ұя/.
Құдай
шебер ме,
Құрқылтай
шебер ме?
/Ұя/.
Жайнаған
бақтың әншісі,
Тамсанған
оған сан кісі.
/Бұлбұл/
Сайрайды
бір талмайды,
Әнші
құс бал таңдайлы.
/Бұлбұл/
Көл
бетінде қалқиды,
Мақта
сынды үйілген.
Үні
әсем сан қилы,
Мойны
да әйбат иілген,
Мамығын
ол тарайды,
Маңғаздана
қарайды.
/Аққу/
Су
бетін сызып,
Ақ
Құман жүр жүзіп.
/Аққу/
Мойыны
сұрақ белгісі,
Бұл
қандай көл құсы?
/Аққу/
Қауырсыны
құлпырған,
Мың
бояулы гүл тұнған.
Сайрағанда
дауысы,
Әнге
бөлер тау ішін.
Қара
мына ғажапқа,
Өзі
шебер мазаққа.
/Тоты/
Қиянға
қиын небір,
Салатын
ұяны.
Өткір
көзі шегір,
Бүргенін
құртар тұяғы.
/Бүркіт/
Кеудесі
қайқаңдап,
Жүреді
байпаңдап.
/Қаз/
Имек
тұмсық алғыр құс.
/Қаршыға/
Көк
жүзінде жылжып жай,
Керуен
құрған тізіліп,
Ілгек-ілгек
шынжырдай,
Қалмайды
олар үзіліп?
/Тырна/
Сирағы
ұзын,
Тырнағы
ұзын.
Балықты
сүзбей,
Ұстайтын
шоқып,
Тұмсығы
біздей.
/Тырна/
Сирағы
ұқсас қамысқа,
Мойыны
бар сорайған,
Денесі
бар, Алыстан
Қарақшыдай
қарайған.
/Көкқұтан/
Ботаға
ұқсас саны бар,
Шөл
даланың құмайы.
Шәлкем
мінез жануар,
Ашу
қысқан ұдайы.
/Түйеқұс/
Бұдыр-бұдыр
балшықты.
Жинады
да талшықты,
Ұқсатып
қамытқа,
Үй
салды жабыққа.
/Қарлығаш/
Екі
айыр құйрығы,
Қияқ
мұрт қанаты,
Ұшқырлардың
жүйрігі.
/Қарлығаш/
Әуеде
Бір
ноқат тапжылмай қалқып тұр,
Әдемі
Бір
ырғақ аспаннан шалқып тұр.
/Бозторғай/
Қалқып
тұрып аспанда,
Үн
шығарып сан қилы,
Өнеріне
басқанда,
Тұла
бойың балқиды.
/Бозторғай/
Ұзақ
тектес құс,
Шіркей
жеп.
Ауыл
маңынан
Ұзап
кетпес құс.
/Қараторғай/
Үп-үшкір
таяғы,
Жылан
көзін ояды.
/Дәуіт/
Шуға
бөлеп жағаны,
Қанаттарын
қағады,
Айдын
судың түлегі,
Шабақ
іліп жүреді.
/Шағала/
Ағашта
болса егер мең,
Хабар
беріп морземен,
Тұмсығымен
емдейді,
Сосын
көңіл демдейді.
/Тоқылдақ/
Тақылдатып,
Мазаны
ап,
Ағаштарды
тазалап,
Ормандарды
емдейді,
Зиянкесті
жазалап.
/Тоқылдақ/
Қызықтырар
әрі
Қарай
берсең табылар,
Алуан
түсті бояудың,
Өн
бойында бәрі бар.
/Қырғауыл/
Жұдырықтай
шұбар құс,
Мекені
қыр,
Жапан
дүз.
Дыбыс
шықса тыпырлап,
Ұшады
тез бытырап.
/Шіл/
Қара
жағал кішкене,
Қанаты
бар сүйріктей.
Оған
теңдес құс кәне?
Тапшы
осындай жүйрікті?
/Жағалтай/
Шұнтиып
қос ұлағы,
Түнде
көрер қырағы.
/Үкі/
Күндіз
сөнген шырағы,
Түнде
көрер қырағы.
Тікірейіп
айдары,
Егін
жауын қырады.
/Үкі/
Түнде
жортады,
Жарықтан
қорқады.
/Жарқанат/
Қалқиып
құлағы,
Күндіз
бұғады.
Серуенге
тек,
Түнде
шығады.
/Жарқанат/
Қалқан
құлақ,
Қанаты
бар шатырдай.
Жардан
жырақ,
Түнде
ұшады батырдай.
/Жарқанат/
Жалаңаш
болған соң,
Күн
бойы бұғады.
Өзегі
талған соң
Түнде
ұшып шығады.
/Жарқанат/
Өзі
ұя салмайды,
Мекендейді
шатырды.
Бау-бақшаны
барлайды,
Зиянкеске
батыл-ды.
/Жарқанат/
Сарғыш
бояу жалатқан,
Тұмсығы
бар қалақтан.
Қауырсыны
бір уыс,
Қара
сирақ ірі құс.
/Жалбағай/
Маңдайы
ақ қасқа,
Ақ
жері жоқ басқа.
/Қасқалдақ/
Сазды
жер мекені,
Құрт-құмырсқа
қорегі.
Кереметтей
өнері,
Қанаттан
үн береді.
/Тауқұдірет/
Бес
грамм салмағы,
Тұмсығы
қармақ.
Қыраннан
қалмайды,
Биікке
ұшса самғап.
/Королек/
Ұшқанда
өте ұшқыр,
Алдына
жан салмайды.
Алға
да,
Артқа
да самғайды.
Гүлдердің
сорып сөлін,
Басады
шөлін.
Жылы
жақта мекені,
Бұл
не екен?
/Колибра/
Айдары
шағын,
Қаракүрең
сауыры,
Аппақ
қардай бауыры.
/Қызғыш/
Тұрқы
кептерден кіші,
Сарғыш
мамық төсі.
Айдары
желкесінде,
Өрнегі
өр төсінде.
Бұл
қандай құс?
/Күжіргей/
Бояуы
сан түрлі,
Түрі
ұқсас тауыққа.
/Бұлдырық/
Қауырсыны
көгілдір,
Кішкене
құс,
Беткейде
өріп жүр.
/Кекілік/
Өзі
кілем түріндей,
Құдды
қырдың гүліндей.
Гүлге
қонса кетеді,
Айырмасы
білінбей.
/Көбелек/
Күн
шықпай сап аттанды,
Қуырады
апшыны.
Шырт
ұйқыда жатқанды,
Оятады
ащы үні.
/Қораз/
Шашы
жоқ,
Тарағы
бар.
Егіні
жоқ,
Орағы
бар.
/Қораз/
Қызыл
бұжыр айдары бар,
Қоқиланған
айбары бар.
Ауық-ауық
азан салып,
Өңеш
керген айқайы бар.
/Қораз/
Ала
шапан кигені,
Сескенгіш
болған соң,
Қыпылықтап
жүргені.
/Сауысқан/
Секектеп
бір тұрмайды,
Өреден
құрт ұрлайды.
/Сауысқан/
Жем
көрсе,
Шықылықтап
қалтаңдайды,
Сескенсе,
Жыпылықтап
жалтаңдайды.
/Сауысқан/
Бір-ақ
сөз біледі,
Өз
аты онысы.
Соны
айтып жүреді,
Және
жоқ қонысы.
/Көкек/
Қулығын
асыратын,
Жұмыртқасын
өзі баспай,
Басқа
ұяға жасыратын,
Өзін-өзі
әйгілейтін,
Қандай
құс,
Оңайға
бас ұратын?
/Көкек/
Қара
түсті қарқылдақ,
Ұшып-қонып
жалпылдап.
Қоқыстарды
шоқиды,
Жем
іздейді там-тұмдап.
/Қарға/
Талдың
басында,
Жемі
бар қасында.
Там
тұр саялы,
Достарға
аялы.
/Құс
ұясы/
Көтере
алмай ішкен суын,
Күшеніп
жатыр,
Жаңғыртып
қамыс нуын.
/Әупілдек/
Айнымай
тартқан реңіне,
Жүрген
жерінің тұр-өңіне, не?
/Кесіртке/
Мойны
жуан,
Жұқалтаң
қабақты.
Тірсегі
ұзын,
Қоян
тобықты.
Іс
тікпейді, бірақ
Тастамайтын
бізін,
Білесің
бе, мақұлықты?
/Шаян/
АДАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДЕНЕ МҮШЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЖҰМБАҚТАР
Алпыс
екі мәуелі шынар ағаш,
Ағашқа
біткен бұтақ жалғас-жалғас.
Және
де екі тесік бір мешітте,
Қаланған
кірпіші бар іргесінде.
Бір
әйнек шыны да емес, темір де емес,
Жасауы
сынып кетсе қолдан келмес.
Жұмбағым
тез ойланып тауып берші,
Сен-дағы
жігіт едің өзім теңдес.
/Адамның
жаратылысы/.
Бір
“әліп” мұнарадай көзім көрген,
Екі
“мәт”, екі “сәкін” оған ерген.
Болғанда
“иа”ден камал, нұрдан гауһар,
Болады
кім данышпан мұны білген.
/Адам,
көз, жас, екі құлақ,cөз/.
Бір
таудың алпыс сегіз саласы бар,
Он
екі жанында қаласы бар.
Бау-бақша
түрлі өсімдіктер,
Барлығын
билеп тұрған анасы бар.
/Алпыс
сегіз тамыр, он екі мүше/.
Ағады
алпыс екі бұлақ бір қайнардан,
Он
екі бұлағы бар шыр айналған.
Ісіне
таң қаламын құдіреттің,
Бәрі
де бір нәрсеге ыңғайланған.
/Алпыс
екі тамыр, он екі мүше/.
Меккеде
бір ағаш бар түбі жуан,
Он
екі ұл, алпыс екі қызы бір күні туған.
/Он
екі мүше, алпыс екі тамыр/.
Бір
қария жерде де емес, көкте де емес,
Болғанда
түбі терең, аузы кемеш.
Ішіне
ит түссе де арам емес.
/Көз/.
Қос
әйнек шыны да емес, темір де емес,
Бұзылса
оны адам түзер емес.
Кезінде
өзі ашылып, жабылады,
Мағынасы
қымбат нәрсе, арзан емес.
/Көз/.
Әрі
жүрер қараша ат,
Бері
жүрер қараша ат.
Су
бойында тұнық су,
Таңдап
ішер қараша ат.
/Көз/.
Жар
қабақта екі бастау,
Жапсар
тастың астында
Жасыл
ала құс жатыр.
/Көз/.
Кішкене
ғана тостаған
Жер
дүниені бастаған.
/Көз/.
Көріп
едім бір үлкен дарияны,
Барша
қыз мекен етіп жатыр оны.
Ішінде
ерлі-байлы екі аққу бар,
Жарықтық
жеті сарбас балалары.
/Көз/.
Кіп-кішкене
қараша,
Тұрған
жері тамаша.
Бір
секундта жер-көкті
Алады
шарлап қараса.
/Көз/.
Кішкене
ғана бетерім,
Жер
түбіне жетерім.
/Көз/.
Құстан
ұшқыр, тездігі оқтан бетер,
Бес
жүз жылқы аспанға оқтай жетер.
Ақылменен
ойланып қарасаңыз,
Жылдамдыққа
нәрсе жоқ онан өтер.
/Көз/.
Бір
тауда жанады екі шырақ,
Бір
жанады, бір өшеді.
/Көз/.
Ала
арқаным жетпес жер жоқ.
/Көз/.
Кішкентай
бір мақұлық торы ала,
Ағаштан
атрапына соққан қала.
Ішінде
сол қаланың өмірі өтер,
Сабыр
қып сахараға шықпас жана,
Жаралған
өзі ғана артық болып,
Болжайды
әр нәрсені айтып шама.
/Көз/.
Екі
бала қатар тұрса да,
Бірін-бірі
көрмейді.
/Көз/.
Екі
ағайынды,
Екеуі
де бір үйде,
Бірін-бірі
көрмейді.
/Көз/.
Көреді
бәрін өзгенің,
Көрмейді
бірақ өздерін.
/Көз/.
Ала
тайынша шаң көтермейді.
/Көз/.
Ағайынды
екеу болыпты,
Екеуі
тату жүріпті.
Ортасында
тау болып,
Бірін
бірі көрмепті,
Екеуінің
міндеті орындайтын бір бопты.
/Көз
бен мұрын/.
Көрші
отырған көршілер
Бірін
бірі көрмейді.
Қара
түнек қос үңгір
Діңгегі
асу бермейді.
/Көз
бен мұрын/.
Қара
суда суат жоқ,
Қалың
талда бұтақ жоқ.
/Көз
бен кірпік/.
Сырты
қылшық,
Іші
былшық.
/Кірпік
пен көз/.
Ары
жүгір қаратай,
Бері
жүгір қаратай.
Тал
түбіне барғанда,
Тайып
жығыл қаратай.
/Көздің
қарашығы/.
Бір
көлде екі түрлі сүт бар.
/Көздің
ағы мен қарасы/.
Таудан
тас құлады.
/Көз
жасы/.
Таудан
тары домалайды,
Оны
он екі қаз қуалайды.
/Көз
жасы/.
Бір
таудың екі күзетшісі,
Екі
тыңшысы, отыз екі бөрісі бар.
/Көз,
құлақ, тіс/.
Қабақта
қара бурам шөгіп жатыр,
Етектеп
құмалағын төгіп жатыр.
/Қас,
көз, жас/.
Тұнық
суға ши ұстадым.
/Кірпік/.
Екі
жар бірін бірі шамалаған,
Тал
шығып, жағасына сабалаған.
/Кірпік/.
Сәуле
астында жүз кісі.
/Кірпік/.
Алпыс
кісі аяқтасты,
Ертеменен
таяқтасты.
/Кірпік/.
Күндіз
шайқасады,
Түнде
айқасады.
/Кірпік/.
Бір
нәрсе жегеніне тіпті тоймас,
Адамның
ол нәрсесіз күні болмас.
Жіберсе
қарап қалар жердің бәрі,
Кішкене
болса-дағы кемдік қылмас.
/Ауыз/.
Дарияның
інжу-маржан шеттерінде,
Не
кітап, оқу жоқ беттерінде.
Қайын
ба, қарағай ма, яки тал ма,
Тармасқан
тоғай таудың бөктерінде.
/Адамның
бет-аузы, келбеті, сақал-мұрты, сөзі/.
Бір
тобықта жеті жыртық.
/Екі
танау, екі құлақ, екі көз, бір ауыз/.
Беткейде
бес есік.
/Екі
танау, екі көз, ауыз/.
Ағады
тау басынан сегіз бұлақ,
Төртеуі
ащы, үшеуі тәтті тым-ақ.
Ащы
да емес, төртеуі күшті де емес,
Екі
жапырақ өспейді тіпті бірақ.
/Екі
құлақ, мұрын, екі көз, ауыз/.
Бір
нәрсе жегеніне тіпті тоймас,
Адамның
ол нәрсесіз күні болмас.
Жіберсе
қарап қалар жердің бәрі,
Кішкене
болса-дағы кемдік қылмас.
/Ауыз/.
Бір
сарай, бір миыммен тазаланған,
Екі
серік бір досы бар қасына алған.
Болғанда
еден гауһар, желден самал,
Жер
жүзі сайран болған жалғыз талмен.
/Ауыз,
сөз, ерін, тіс, таңдай, леп. т.а./.
Абайлап
жүргін алдында,
Аңқайған
ұра тұрыпты.
Ол
ұраның ішінде,
Гауһардан
қора тұрыпты.
Ол
қораның ішінде
Ақылды
дана тұрыпты.
Ол
дананың түбінде,
Білімді
бала тұрыпты.
Асты
менен үстінде
Балаға
пана тұрыпты.
Барлығына
пана болып,
Ата
менен ана болып,
Қаулаған
сора тұрыпты.
/Ауыз,
тіс, тіл, көмекей, таңдай,сақал
менен
мұрт/.
Бір
ұраның аузында
Бір
бау сора.
/Ауыз
бен сақал, мұрт/.
Бір
төбеде үш бастау,
Біреуінің
суы - тәтті,
Біреуінің
суы - ащы,
Біреуінің
суы - сор.
/Ауыз,
жас, сор/.
Айтайын
мен бір жұмбақ ая батыр,
Болғанда
асты гауһар, үсті шатыр.
Қазандай
қара тастың сол түбінде,
Бір
түрлі адам таппас заһар жатыр.
/Тіл,
тіс, ауыз/.
Бір
отаудың ішінде отыз бөрі,
Бар
жалғыз қызметкері өте епті.
Он
жігіт алып барып тастағанда,
Отаудың
бүлкілдейді екі жері.
/Тіл,
тас, саусақ, ерін/.
Мен
жұмбақ айтайын табасын ба,
Айналып
ақ қаланы шабасын ба?
/Тіл,
тіс/.
Қыдыр
ата тас қойдым,
Қызыл
өгізді бос қойдым.
/Тіс,
тіл/.
Екі
тақта арасында
Қимылдайды
қызыл тақта.
/Тіл/.
Жағалай-жағалай
тас қойдым,
Жирен
атты бос қойдым.
/Тіс,
тіл/.
Үнемі
ауызда бұлтыңдайды,
Бірақ
жұтылмайды.
/Тіл/.
Қатар-қатар
ақ күріш,
Тұрған
жері қақтығыс.
/Тіс/.
Айдын
көлде алтын тас,
Ау
салса да алынбас.
/Тіс/.
Тамға
таяқ сүйедім,
Отыз
жерден сыр-сырлап.
/Отыз
екі тіс/.
Үсті
тақтай,
Асты
тақтай,
Ортасында
әбзел тақтай.
/Тіс,тіл/.
Ти,
ти десем, тимейді,
Тиме
десем тиеді.
/Ерін/.
Үлкен
ой,
Үлкен
ойдың ішінде
Кіші
ой,
Кіші
ойдың ішінде,
Балуан
би.
/Ерін,
тіс, тіл/.
Үлкен
үй,
Үлкен
үйдің ішінде
Кішкене
үй.
Кішкене
үйдің ішінде
Досқана
би.
/Ерін,
тіс, тіл/.
Туғаннан
біргемін
Бірақ
санын білмеймін.
/Шаш/.
Асқар
тауда қара орман.
/Шаш/.
Томпағымның
басында тоқсан қыз бар.
/Шаш/.
Жас
кезінде қара орман,
Жыл
өткен сайын ағарған.
/Шаш/.
Басында
Қаратаудың қап-қара шөп,
Атаймыз
тау демесек әлде не деп.
Ағарып
ақырында кете ме екен,
Ол
таудың әлде шөбі тұрғанда көп.
/Шаш/.
Білмеймін
ерке ме екен, есер ме екен,
Қалпынан
артық бойлап өсер ме екен.
Өсірме
деп біреуге бұйырмасам,
Таудағы
тоғайымды кесер ме екен.
/Шаш/.
Бір
тауға әрі қайың,
Әрі
тал өседі.
/Шаш,
сақал/.
Майтөбеде
ол сусыз,
Өскен
қамыс буынсыз.
/Шаш,бас/.
Кішкене
ғана тегене,
Сырты
толған балауса.
/Шаш,
бас/.
Беткейге
қар жауды,
Кетпеске
айналды.
/Шаштың
ағаруы/.
Қараша
тауым қарлы болды,
Бір
жауса кетпейтұғын зәрлі болды.
/Шаштың
ағаруы/.
Қар
жауды тау басына кетпейтұғын,
Аяқ
жерге қақ тұрар кетпейтұғын.
Отыз
шаһар қаласы ойран болды,
Ел
бар ма ебін тауып септейтұғын.
Ағарған
шаш, көздің жасы, отыз түскен тіс/.
Қар
жауар пәкене таудан кетпейтұғын,
Басында
бұлағы бар кеппейтұғын.
Тас
қорған тәңірім соққан бұзылмайтын,
Болар
ма оны адам ептейтұғын.
/Ағарған
шаш, көздің жасы, тіс/.
Қар
жауды Қаратаудың басына кетпейтұғын,
Етекте
екі бұлақ кеппейтұғын,
Бір
тауда бір диірмен босқа қалды,
Бар
ма екен сол диірменді ептейтұғын.
/Ағарған
шаш , көздің жасы, тіл, тіс/.
Қар
жауды таза жерге кетпейтұғын,
Түбінен
қайнар шықты кеппейтұғын.
Алтыннан
соққан қала бұзылыпты,
Бар
ма жан оны соғып ептейтұғын.
/Ағарған
шаш, мұрынның сорасы, түскен тіс/.
Қары
бар Қаратаудың кетпейтұғын,
Ішінде
бір бұлақ бар кеппейтұғын,
Бұзылып
алтын кісен босқа қалса,
Ұста
жоқ ол кісенді септейтұғын.
/Ағарған
шаш,мұрын сорасы,тіс /.
Қара
айғырым шабады қамшыламай,
Қара
жерге аяғын шаншып алмай.
Бір
төбенің басына шығып алып,
Мың
қойды қасқыр жепті қан шығармай.
/Ұстара,
шаш, бас/.
Шығыпты
тау басына бір топ раң,
Төбенің
бірі -қара, бірі-қылаң,
Қылышын
қынасынан жылмаңдатып,
Раңның
бірін қырмай,бәрін қырам.
/Шаш,ұстара/.
Мың
қойым суға кетті ,
Байжан
ақсақал қуа кетті.
/Шаш
,ұстара/.
Мың
қойымды бір шыбықпен айдадым.
/Шаш,
ұстара/.
Бір
төбеге қойыпты шынар жайып,
Қолына
қылыш алды бір ғажайып,
Екі
жақта шынардың қалқаны бар,
Кетпесін
қалқанына қылыш тайып.
/Шаш,ұстара,
екі құлақ/.
Алпыс
қанат ақ орда,
Алпыс
атанға сыймайды.
Алпыс
атаным қысқа дейін десем,
Тәңертең
ұшқан құс,
Кешке
әрең қонады.
/Шаш,
тарақ/.
Бір
тауға әрі қайың,
Әрі
тал өседі.
/Шаш
, сақал/.
Қос
бұлақ бір қарауыл салғаны бар,
Мойнында
үш жүз алпыс арқаны бар.
Ақ
тоғай, қара тоғай қалың ағаш,
Тоғайдың
әр мезгіл де тарқары бар.
/Сақал,шаш/.
Қарамасаң
жайлауға,
Қабан
келер шайнауға.
/Бас
пен бит/.
Бір
тауда мекен еткен отыз бөрі,
Ол
кісі отызының қызметкері,
Жанында
екі адам қарауына
Жүрмейді
бірі ілгері, бірі кейін .
Тағы
да екі адамнан тыңшысы бар,
Есітіп
келіп тұрған әңгімені,
Бірінің
ортасында бағлан қозы,
Секіріп
ойнап тұрған әрі-бері
Істейді
біреуді екеу, қиынды оңай,
Қозыдан
пәрменменен шыққан желі ,
Сол
тауда мекен еткен бөрілердің,
Бойы
бар ұстап көрсең екі-ақ елі.
Жалмаймын
жер жаһанды десе-дағы,
Көрсетпейді
қымтап тұрса екі тері.
/Бас,отыз
тіс, екі көз, екі құлақ, тіл, ерін/.
Бір
таудың басында бар бір топ тоғай,
Ойлаған
ақыл-ойға жұмбақ оңай.
Сол
таудың етегінде бір сарай бар,
Жүк
әкеп түсіреді он бай ноғай.
/Бас,
ауыз, қол/.
Бір
жанды мақұлық көрдім формы бөлек ,
Бір
тау бар ортасында дөп-дөңгелек.
Үстіне
шыққан шөбі бәрі тегіс,
Мал
жемес, шауып алып неме керек.
Ол
таудың ортасында екі өзен,
Астында
бұлағы бар, алды кезең,
Не
астына, не үстіне шыққан шөп жоқ ,
Адамзат
көргені жоқ ондай өзен.
Ол
таудың етегінде жалғыз құдық ,
Беткейде
асыл таспен аузын қиып,
Ішіне
кірген нәрсе тірі шықпас,
Асыл
тас жібереді бәрін қиып.
/Бас,
бет, ауыз, тіс/.
Бір
таудың адам жүрмес қиясы бар,
Екі
самұрық ,қос қыран ұясы бар.
Бітіпті
етегіне құрма ағашы,
Басында
бұлбұл құстың ұясы бар.
/Бас,
көз, құлақ, тіл, ауыз,сақал/.
Үрпек-үрпек
тау,
Үрпек
таудың астында екі жарық жұлдыз,
Оның
астында екі тышқақ тоқты,
Оның
астында жатқан тағы бір құндыз.
/Шаш,
көз, қас, мұрын, мұрт/.
Қалың
қамыс, қалың қамыс,
Астында
қия қамыс.
Пысылдауық,
пысылдауық,
Астында
сақылдауық.
/Шаш,қас,
мұрын, ауыз/.
Бір
топ қамыс,
Бір
топ қамыс астында қиған қамыс,
Қиған
қамыс астында жылтырауық.
Жылтырауық
астында пышылдауық,
Пышылдауық
астында тебендеуік,
Тебендеуік
астында қатар-қатар тас,
Ортасында
жылмаңдауық.
/Шаш,
қас, көз, мұрын, ерін, тіс, тіл/.
Асқар
бел,
Асқар
белдің аржағында ақ өткел,
Ақ
өткелдің аржағында кішкене тау,
Кішкене
таудың аржағында қиған қамыс,
Қиған қамыстың аржағында мидай дала,
Мидай
даланың аржағында қара қопа,
Қара
қопаның ішінде қара шошқа,
Қара
шошқаны алады жалғыз тоспа.
/Иек,
ауыз, мұрын, қас, маңдай, шаш,бит, тарақ/.
Күмбір-күмбір
қарағым,
Қартайғанша
жарадың.
/Құлақ/.
Екі
кісі ерегісіп келеді.
/Құлақ/.
Ғаудыр-ғаудыр
шанашым,
Қартайғанша
көрмедім.
/Құлақ/.
Құла
бетте қисық астау.
/Құлақ/.
Тауда
жарбайып тұр.
/Құлақ/.
Жар
басында жарты кепе.
/Құлақ/.
Жар
басында жарты сыпыра.
/Құлақ/.
Қарағай
басына қатық ұйыттым.
/Ми/.
Қиын-қиын
қиялар,
Қияға
жұмыртқа ұялар.
/Ми/.
Бар
екен бір жыланның отыз іні,
Түп-түзу
бұл жыланның жоқ дүр міні.
Ғажайып
бір мінезі тағы да бар,
Шықпайды
бір інінен күндіз-түні.
/Жұлын/.
Екі
достың бірі ыңғайлы,
Біреуінен
ебі жоқ.
Екеуін
де бірдей көрем,
Маған
артық-кемі жоқ.
/Екі
қол/.
Қимылда
қос шебер,
Талай-талай
іс бітер.
/Екі
қол/.
Бес
балалы екі досым,
Біреуінің
ебі жоқ,
Екеуінде
бірдей көрем,
Маған
артық кемі жоқ.
/Екі
қол/.
Кезек-кезек
сермейтін,
Жүргенде
қанатым ол.
Түрлі
еңбекке икемдейтін,
Ауырсынбай
баратын сол.
/Екі
қол/.
Шашбау,
Шашбаудікі
бес бау.
/Қол,
бес саусақ/.
Бірі
үлкен,бірі кіші,
Туысқан
бірге бес кісі.
/Бес
саусақ/.
Адам
боп жаратылған бес арыстан,
Бойлары
бесеуінің бір қарыстан.
Құдайдың
құдіретіне таңғажайып
Бесеуінің
арасына тас жабысқан.
/Бес
саусақ, тырнақ/.
Бес
сауысқан,
Бес
сауысқан басына тас жабысқан.
/Бес
саусақ, тырнақ/.
Бес
жанды бір жансызға мінгескен,
Айналып
ақ тақырдан із кескен.
/Бес
саусақ, қалам/.
Бір
күнде туған туыс бес,
Бойлары
неге тең емес.
/Бес
саусақ/.
Бес
ат,
Бесеуі
де қасқа ат.
/Бес
саусақ/.
Бес
адам бірі есекке мінгесіп жүр,
Мінгессе
де талай жермен тілдесіп жүр.
/Бес
саусақ/.
Бес
көсеуім басы ақ күміс.
/Саусақ/.
Бес
ат,
Бесеуі
де қасқа ат.
/Бес
саусақ/.
Бес
адам бір есекке мінгесіп жүр,
Мінгессе
де талай жермен тілдесіп жүр.
/Бес
саусақ/.
Бар
екен бәйтеректе екі аша,
Болмайды
бар шақасы оннан аса.
Біреуі
біреуінен икемдірек,
Құдайдың
құдіретіне қыл тамаша.
/Он
саусақ/.
Бір
тауды мекен еткен отыз бөрі,
Он
кісі отызының жұмыскері.
Сол
таудың ортасында бағлан қозы,
Масайрап
секіреді әрі-бері.
/Он
саусақ, отыз тіс, тіл/.
Бір
тауды мекен еткен он бөрі,
Бес-бестен
қызметкері.
/Он
саусақ/.
Ағайынды
он,
Кигені
екі тон.
/Он
саусақ пен екі қолғап/.
Бісміллә
онға берді,
Он
отызға берді,
Отыз
Митанға берді,
Митан
Шитанға берді,
Шитан
ары қарай итере салды.
/Он
саусақ,отыз тіс,көмей,тамақтану/.
Оным
отызға берді,
Отыз
үлпекке берді,
Үлпек
шөлпекке берді,
Шөлпек
жұтып қойды.
/Он
саусақ, отыз тіс, тіл, кішкене тіл, көмей, тамақтану/.
Бес
ағайын бар еді,
Бәрі
бірдей жас еді,
Біреуі
бірақ бас еді,
Бәрінен
бойы пәс еді.
/Бас
бармақ/.
Салдым
бесақамды,
Аштым
дарбаза үйді.
/Бес
бармақ/.
Он
терек отыз буын нұсқасы бар,
Бірі
үлкен, бірі кіші қысқасы бар.
Бәріне
лайықты атты қойған
Адамның
тілі шешен ұстасы бар.
/Он
саусақтағы отыз буын/.
Басында
тас құдықтын серке ойнаған,
Жегенмен
дүниеге еш тоймаған.
Бар
екен бір кісінің он баласы,
Не
үшін екеуіне ат қоймаған.
/Екі
сұқ саусақ/.
Он
үйрек, отыз аққу көлде жатқан,
Себеппен
қаршыға құс дәмін татқан.
Алыстағы
лашын құс ілмей қалмас,
Жақсылар
ақылымен білмей қалмас.
/Он
саусақ, тіл, тіс, көз/.
Ағайынды
он,
Кигені
екі тон.
/Он
саусақ пен екі қолғап/.
Қолымда
он жүзігім, ал шығармай,
Бір
бөрі мал жейді екен қан шығармай.
Төрт
торы , екі сала жұмбағым бар,
Мұны
тапқан мені алсын мал шығармай.
/Он
тырнақ, ұстара, жылдың төрт мезгілі/.
Екі
батыр қазына іздейді,
Екі
батыр жол іздейді.
/Қол
мен аяқ/.
Болғанда ыран-қыран,
Жабыса
кетер сондай қыран,
Бір
биікке қатар-қатар жайлайды,
Бірге
ұмтылады шықса ұран,
Кейде
жым болып түйіледі,
Айтқанына
көніп иіледі.
/Оң
қол, сол қол/.
Жиырма
баласы бар төртеуі ана,
Бірі
ұзын, бірі қысқа дара-дара.
Қандайлық
істі қоссаң ерінбейді,
Білімпаз
мамандығы болған сара.
/Аяқ,
қол, саусақ/.
Он
айда мен аламын он жаңа айды,
Он
жаңа айды алсам да ол таусылмайды.
/Тырнақ/.
Он
кемпір мұз арқалап тұр.
/Тырнақ/.
Бір
үлкен тау бар, басы қара,
Жан-жағында
төрт сала бар,
Бәрі
дара.
Басында
даралардың күміс тәж бар,
Жігіттер,
зейініңмен ойлап қара.
/Қол-аяқ,
тырнақ/.
Он
атты,он жаяу, қырық найзалы,
Қыздың
сөзі пайдалы.
Асыққаның
аяңдай тұр,
Асықпасаң
бір-біріңе таялмай тұр.
/Аяқ,
он саусақ, қырық қабырға және тіс/.
Бесеуі
қашып бара жатыр,
Бұлдырық
қуып бара жатыр.
/Башай,
өкше/.
Бірге
жатып бірге тұрар,
Озуға
тұра ұмтылар.
Екеуі
мәңгі жарысып,
Көрген
жоқ әлі қалысып.
/Екі
аяқ/.
Алпыс
аналы қасқыр,
Жетпіс
балалы қасқыр,
Ол
да көп жүр құр-құрлап.
/Ішек-қарын/.
Мысыр
деген шаһардың ортасында бір қонақ.
/Кіндік/.
Жалама
таста
Жалғыз
қурай.
/Кіндік/.
Денеңде
бар,
Ойыңда
жоқ.
/Кіндік/.
Тақырда
тайдың ізі.
/Кіндік/.
Егіз
қозы сүйексіз.
/Емшек/.
Бір
дән бар дастарханда салынбаған,
Дәмінен
татпай ешкім қалынбаған.
Бір
ағашқа бітіпті екі бұтақ,
Қанша
жан ықтаса да алынбаған.
/Ананың
емшегі/.
Табаққа
түспес,
Қазанға
піспес
Оны
ішпей адам өспес.
/Емшек
сүті/.
Бір
жерден кішкене тесік көрдім,
Тесіктен
алтын сарай есік көрдім.
Тесіктен
бір өгіз дәу шыға келді,
Қайтадан
кірем десе, кіре алмады.
/Сөз,
лебіз/.
Ереймен
жерейменнен озбайды екен,
Асы
алтын, қасығы күміс болып,
Өмірі
бітіп мүлде тозбайды екен.
/Сөз/.
Бір
шыққан соң орнына қайтып кірмес,
Қай
жақтан келерін де адам білмес.
Азаттыға
сонымен дүниенің,
Онсыз
тірі ешкім де дәурен сүрмес.
/Сөз/.
Еккенім
бір танапқа жалғыз бидай,
Аққурай
қанасына кетті сыймай.
Біреудің
аманатын алсаң-дағы,
Тұрасың
береріңде көзің қимай.
/Адамның
жаны/.
Балдан
тәтті,
Удан
ащы,
Тәрбиесіз,
ата-анасыз.
/Жан/.
Балдан
тәтті,
Мақтадан
жұмсақ,
Базарға
апарып сатсаң,
Бір
тиындық бағасы да жоқ.
/Ұйқы/.
Базарда
сатылмайды,
Таразыда
тартылмайды.
Өзі
балдан да тәтті,
Өмірге
бір шапағатты.
/Ұйқы/.
Суға
салсаң - батпайды,
Отқа
салсаң - жанбайды,
Жерге
көмсең - шірімейді.
/Адамның
аты/.
Өлсең
де-өлмейді,
Өлмесең
де-өлмейді.
/Адамның
аты/.
Жаралғанға
жабысқан.
/Адамның
аты/.
Атқа
мінбейді, жаяу жүрмейді,
Күніне
мың шақырым жерге барып келеді.
/Көңіл/.
Бір
нәрсе кейде сопы,кейде залым,
Сиқырлар
бір сағатта жанның бәрін.
Бір
уақыт патша болып отырады,
Тар
жерде әркімнің де ойлар қамын.
/Көңіл/.
Сары
ат міндім, саз кештім,
Сарқыты
маған тимеді
Қара
мақпал тон піштім,
Қиқымы
маған тимеді.
/Түс/.
Бір
жүйрік ат әркімде бар кетер шауып,
Үстінен
ер-тоқымы қалмайды ауып.
Десем
де қайда барам лезде барам,
Жартастан
жығылмайды,қылып қауіп.
/Ойлаған
ой/.
Көтеріліп
қампияр қиыстырсаң,
Майдаланар
қимылсыз жиыстырсаң,
Мұның
да шешімі бар келісімді,
Ойланып
ақылына сыйыстырсаң.
/Ой/.
Бір
минутта дүнияны аралайды,
Сонда
да шаршамайды.
/Ой/.
Алты
аяқты, төрт көзді,
Екі
ауызды,бір сөзді,
Ынтымақ
үшін ел кезді.
/Атқа
мінген адам/.
Арқасы
екеу,
Аяғы
алтау.
/Үстелде
отырған адам/.
Бір
адам көрдім,
Жүрмей
тұрған жабысып.
Түсін
танып тұрсаң да,
Жауап
айтпас танысып.
/Адамның
суреті/.
Көрінеді
бір бәйтерек басы сыңар,
Сүйкімді
адамзатқа ол бір шынар,
Дағ
түбінен басынан жеткенінше,
Жүз
бұтақ, мың екі жүз ұясы бар.
Төрт
басқыштың бұтағы қырық тоғыз,
Мәуесі
иіліп жерге балы тамар.
Бес
басып, шыққасын алтыншыға,
Жылымшып
аппақ болып жауады қар.
Жеті
бұтақ басқанда, жер жарылып,
Жайы
қамап болмаса жан қиналар.
Сегізін
тәмәм қылып басқан жанның
Артында
тоқсан жеті бұтақ қалар,
Үш
бұтақтан сақтанса, соған келіп,
Ұясы
мың екі жүз тәмәм болар.
/Адамның
бір жастан жүз жасқа дейінгі мүшел жастары/.
Айтайын
мен жұмбақ ақыл ойлап,
Қойыпты
бір терекке дүлдүл байлап.
Қайнайды
ар жағында дария,теңіз,
Тапқанша
бір сасарсыз ақыл ойлап.
/Адам,тіл,көңіл/.
Қарт
басқан қара нар,
Жез
бұйдалы нар тайлақ,
Бауыры
сүтті сары інген,
Сұм
қарағай бұтақсыз,
Мысыр
деген шаһардың ортасында бір қонақ.
/Атасы,
баласы,емшегі, шаш,кіндік/.
Күніне
бір өліп,бір тіріледі,
Ақырында
тұра алмай кідіреді.
Ойлағанға
келісімді шешуі бар,
Ойланбаса
мұны да кім біледі.
/Адамның
ұйықтағаны,оянғаны/.
Көз
көрмей қоймайды екен тірі адам,
Ғаламды
жұта берер түрі жаман.
/Көр/.
Құдайдан
басқа адамның баршасы да теп-тегіс,
Адамнан
аласы бар, аурудан қаласы бар.
/Жынды/.
Бар
болса - жоғым дер,
Жоқ
болса - барым дер,
Жар
жағалап жүрсе де,
Бір
шырақтай жаным дер.
/Бишара/.
Турасаң
да бөлінбейді,
Қараңғыда
көрінбейді.
/Көлеңке/.
Жүрсем-жүреді,
Күлсем-күлмейді.
/Көлеңке/.
Шапса-шабылмайды,
Көмсе-көмілмейді.
/Көлеңке/.
Қайда
барсаң ереді,
Жер
бауырлап келеді.
/Көлеңке/.
Қуып
едім,
Мойын
бұрмады.
Ұстайын
деп едім,
Қолға
тұрмады.
/Көлеңке/.
Алам
аяқ,алам аяқ,
Жүгірсем
жеткізбейді жалаң аяқ.
/Көлеңке/.
Ербекей
де,сербекей,
Ауыз
үйге кірмейді.
/Көлеңке/.
Жаңа-жаңа
шекпенім,
Жанымнан
қалмас шекпенім.
Ескі-ескі
шекпенім,
Бұлтты
күні қайда кеткен шекпенім.
/Көлеңке/.
Жаман-жұман
жармағым ,
Жанымнан
қалмас жармағым,
Ескі-құсқы
жармағым,
Есімнен
қалмас жармағым.
/Көлеңке/.
Ерте,
кеште бой жазып,
Дәл
талтүсте жантайған.
/Көлеңке/.
Сыпырамын,
сыпыра алмаймын,
Тазартамын
, тазарта алмаймын.
/Көлеңке/.
Қараңдап,қусаң
қашады, жеткізбейді,
Өзіңнен
алыс ұзап көп кетпейді.
Тез
өсіп , тез қысқарад жарықпенен
Қолыңа
ұстасаң да ілінбейді.
/Көлеңке/.
Тұрсам-тұрады,
Жүрсем-жүреді,
Жатсам-жатады.
/Көлеңке/.
Еңкейсем-еңкейеді,
Шалқайсам-шалқаяды.
/Көлеңке/.
Сен
жүрмесең ол да сірә жүрмейді,
Күнде
жаңа, ескеріп көнермейді.
Көлге
түсіп қуанға аунаса да ,
Тәніне
шық,етіне шөп енбейді.
/Көлеңке/.
Жаратқанға
жабысқан,
Жалпағынан
қабысқан.
/Көлеңке/.
Артыңнан
еріп қалмайды,
Қараңғыда
жалмайды.
Кейде
ұзын, кейде қысқа,
Шаршамайды
талмайды.
/Көлеңке/.
Тамға
шықсам қыпша белім талады,
Кет-әй
десем жары жорам қалады.
Екі
түрлі ел маған таласып тұр,
Бірін
сүйсем бірінің кеулі қалады.
/Көлеңке/.
Қараңғыда
біреу едім,
Күн
шыққан соң екеу болдым.
/Көлеңке/.
Әбен
аяқ, тіллә таяқ,
Жүгірдім,
жете алмадым.
/Көлеңке/.
Кішкентай
ғана өзі бар,
Мыңнан
да көп көзі бар.
/Түкірік/.
Ақ
күшігім арбадан қарғып түсті.
/Түкірік/.
Аң
десем атып түсер алтын асық,
Келмейді
шақырсам да алыс қашып,
Түскен
соң жерге барып бағасы жоқ,
Жүремін
аяғыммен еркін басып.
/Түкірік/.
Айдалада
ақ тотым,
Жүгіріп
барсам жоқ тотым.
/Түкірік/.
Топ
етті, дөңгеленді,
Ақ
мамыққа бөленді.
/Түкірік/.
Топ
етті,
Тонға
оранды.
/Түкірік/.
Былқ-былқ,
былқ семіз,
Сүйегі
жоқ, нық семіз.
/Адамның
боғы/.
Мысыр
атты бір шаһар,
Ортасында
қырық бұлақ.
Төскейден
балық ұстадым,
Құралықсыз
құр-құрлап.
/Адамның
өмірі/.
Көзге
түсіп көріне жүрмейді,
Сүйтсе
де бірден танып кідірмейді,
Күні-түні
барады тынбай жүріп,
Қалғып-мүлгіп
бір сағат кідірмейді.
/Өмір/.
Сандығымның
ішінде сақам бар,
Бүк
екенін, шік екенін білмеймін.
/Әйелдің
ішіндегі бала/.
Бір
нәрсе жатқан жері сондай берік,
Қорығын
көреді екен бөліп-бөліп.
Ұйқыдан
оянған соң тұра салып,
Кезеді
адамзаттың соңына еріп.
/Іштегі
бала/.
Ел
ішіне келді, аты жоқ,
Ел
оған ат берді,
Еті
бар, сүйегі жоқ,
Соғымына
екі зат береді.
/Жаңа
туылған бала/.
Құлақ
сал, бұл сөзіме, ау жамағат,
Бір
күні елге келді көп жамағат.
Бір
шақта халық ішіне өзі келді,
Жалаңаш,
өзі жаяу бір азамат.
Көрді
де бұл адамды, болды шатта,
Құрметтеп
құп сыйлайды адамзат та,
Сүйегі
жоқ екі қой азық беріп,
Мінгізді
ол адамды жалғыз атқа.
/Жаңа
туылған бала/.
Дүниеде
күйме көрдім төрт аяқты,
Дөңгелек
екі басы ай сияқты.
Төрт
есік мәткесі бар, уығы жоқ,
Үзік
жоқ, туырлық жоқ, түндігі жоқ,
Құс
төсек, мамық жастық, біреу жатыр,
Көңлі
уайымсыз жай сияқты.
/Бесіктегі
бала/.
Ақ
қозы,
Құмалағы
көп қозы.
/Бесіктегі
бала/.
Ағай-ағай,
ағай құс,
Аяғынан
таңған құс.
Көгей-көгей
құс,
Көкірегінен
таңған құс.
/Бесіктегі
бала/.
Бір
өзі іштен шығады тіл білмеген,
Ақ
отау тегін берді дүмбірлеген.
Бір
күні жолға түсіп жүріп кетті,
Еш
бұйым қалдырмады бүлдірмеген.
/Бала/.
Қырық
жұма қараңғы үйде тұрдым,
Алты
жұма ауырып жаттым,
Жиырма
жұма мені байлады,
Бір
жыл асылып тұрдым.
/Бала/.
Таңертең
төрт аяқты,
Түсте
екі аяқты,
Кешке
қарай үш аяқты.
/Адамның
балалық, есі кірген, қартайған кезі/.
Бақ-бақ
бақасы,
Бақылдайды
сақасы.
Екі
торсық азығы,
Қақаңдайды
қазығы.
/Бала,
шешесінің екі емшегі/.
Сақырлаған
шатыры,
Ішіндегі
батыры.
Астында
киіз қазығы,
Екі
торсық азығы.
/Бесік
пен бала/.
Таудан
құлан ұстадым,
Жүген-құрықсыз
құр-құрлап.
/Қалыңсыз
қыз/.
Бір
атым Оралда,
Не
қамым боранда.
/Қалыңдық/.
Ақ
киік ауа жайлап шиыр қаққан,
Жігіттер,
болса әр іс қадыр хақтан.
Біреудің
асыранды балапаны
Патша
еді заманында атайды тақтан.
/Ұзатқан
қыз/.
Бір
қыз бар дүниеде шынарланған,
Со
қызға елдің бәрі құмарланған.
Бір
адам, бір хайуан, бір жануар,
Ақыры
сол қызды үшеуі алған.
/Адам,
ат, бүркіт/.
Маған
да, саған да,
Жақын
туыс — бес адам.
Үш
әріптен тұратын,
Оңға
оқы, солға оқы,
Өзгермейді
еш одан,
Бәрі
де өз жұратың,
Айтады
кәне: кім атын?
/Ата;
Ана; Апа; Аға; Іні/
Даладай
Кімнің
кең пейілі?
Данадай,
Кімнің
мол мейірі?
/Ана/
Отынсыз,
сусыз піскен ас,
Адамның
бәрі ішкен ас.
/Ана
сүті/
Іші
ақ айдын,
Екі
ағайын.
/Ана
емшегі/
Сырты
орман,
Алды
жазық, құрлықты,
Араласаң,
Табасың
жеті құдықты.
/Бас/
Сыртқа
шығар жолы тұйық,
Түсі
шымқай қызыл сұйық.
/Қан/
Таппайтын
тағат,
Тығулы
сағат.
/Жүрек/
Көрмеген
ешкім,
Дәмін
татып.
Қара
орман асты,
Ұйыған
қатық.
/Адамның
миы/
Құрамалы
сырық,
Берсең
ырық.
Кетесің
тұрып,
Барасың
жүріп,
Қаласаң,
Отырасың
бүгіп.
/Аяқ/
Бунақты
көсеу,
Тармағы
бесеу.
/Қол
мен Саусақ/
Бір
бұтақта — бес тармақ,
Бәрінде
бар мүйіз қалпақ.
/Бес
саусақ/
Белдеуде
бес ат,
Бесеуі
де қасқа ат.
/Саусақ/
Қатар
өскен дос құсап,
Екі
жақта қос бұтақ.
Әрқайсысында
Бірі
қысқа
Бірі
ұзын
Бес
бұтақ.
/Қол
мен Саусақ/
Дәу
үңгірдің қақпасы,
Жабылады,
ашылып,
Жоқ
болса да топсасы.
/Ауыз/
Бір
беткейде екі көл.
/Көз/
Жағасы
құрақ,
Мөлдір
суат.
/Көз/
Қос
дөңгелек мөлдіреп,
Ішінде
бар қарашық,
Алғы
жаққа елжіреп,
Қарайды
ылғи таласып.
/Жанар/
Сөз
ұққыш –
Қос
тұтқыш -
/Құлақ/
Бір
таудың екі жағына,
Екі
қалқан жабысқан.
Жақын
барсаң маңына,
Сезе
қояр дыбыстан.
/Екі
құлақ/
Күміс
қазықтың
Асы
алтын.
/Тіл
мен Сөз/
Үңгір
түбінде жалбырап,
Өсіп
тұр жалғыз жапырақ.
/Тіл/
Есігін
ашсаң,
Сайраған
бұлбұл.
Есігін
жапсаң,
Жайраған
құр күл.
/Тіл/
Үңгірді
жайлаған,
Сүйексіз,
тиексіз,
Жылмаңдап
сайраған.
/Тіл/
Үсті
шарбақ,
Асты
шарбақ,
Ортасында
Тұрар
сарнап,
Жалғыз
бармақ.
/Тіс
пен Тіл/
Үңгір
толы асыл тас.
/Тіс/
Отыз
екі батыр,
Екіге
бөлініп,
Қамалып
жатыр.
/Тіс/
Қамалда
бар
Алақандай
қызыл от,
Отыз
жаугер,
Көрсетеді
қызымет.
/Тіл
мен Тіс/
Екі
көл — кіл тынған,
Екі
ну — құлпырған.
Жатса
да қатар жарысып,
Көрмепті
бірде танысып.
/Екі
көз, Екі қас/
Дөңнің
сыртқы қабаты —
Қарлығаштың
қанаты.
/Қас/
Қабақта
бар қалың тоғай,
Жолсыз-ақ
табарсың оңай.
/Қас/
Тау
басы тұнық,
Қаптаған
шыбық,
Қойсаң
да қырқып,
Өсе
береді,
Қайтадан
шығып.
/Шаш/
Шыңда
бар орман,
Құсы
жоқ қонатын.
Тек
қана қолмен,
Шөбі
көп оратын.
/Шаш/
Мөлдіреп
екі көл жатыр,
Ортада
дөңес бел жатыр.
/Мұрын
мен Көз/
Екі
көрші,
Бірі
— пысылдауық,
Бірі
— сақылдауық.
/Мұрын
мен Ауыз/
Алқапта
бар биік тау,
Алды
тік жар қиық тау.
Қос
үңгірі желдетіп,
Ауа
жұтар селдетіп.
/Мұрын/
Қатар
жатқан қос ін,
Аң
кірмейтін бос ін.
/Танау/
Қос
жиек,
Ортасы
Ақ
сүйек.
/Ерін/
Өсіп
тұратын демде,
Бұтақ
сайын теңге.
/Тырнақ/
Бәрі
таныс,
Көз
алдымда тұр.
Бәрі
қалыс,
Үнсіз
қалпында тұр.
/Сурет/
Жотада
бар,
Кеуіп
жатқан,
Жалғыз
оқпан.
/Кіндік/
Күндіз
Қасыңнан
қалмайды.
Бірақ
Ешкім
ұстай алмайды,
Қорқақ
па,
Қараңғыға бармайды.
/Көлеңке/
АСПАН ӘЛЕМI ТУРАЛЫ ЖҰМБАҚТАР
Төңірегі
тең көрініп,
Теген
жатыр төңкеріліп,
Жас
та сиған, кәрі сиған,
Астына
оның бәрі сиған.
/Аспан/.
Дүниеде
бір қарбыз бар солмайтұғын ,
Жаз
шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.
Жаһанның
жерін,суын, жәндіктерін,
Іші
кең бәрін салса толмайтұғын.
/Көк,
аспан/.
Бір
түкті кілем,
Бірі
түксіз кілем.
/Аспан,жер/.
Жапанда
жайнап тұрған бір бәйтерек ,
Заты
бар бұтақ сайын жанға керек.
Балта,
шөміш, түрен мен мойынтұрық-
Төртеуін
таңдап алдым ерекше елеп.
/Түнгі
аспан, Үш арқар, Жетіқарақшы, Көкбозат, Ақбозат, Арқан,Таразы жұлдыздары/.
Түбі
көк дария,
Іші
мұнара,
Отыз
шешегі.
/Аспан,
отыз күн/.
Екі
тері,
Екеуі
де кең тері.
/Аспан,
жер/.
Тең,тең
тең киіз,
Екі
ортасы кең киіз.
/Аспан,
жер/.
Бір
қоян қайың тауды арқалаған,
Ертерек
қоян еді марқалаған.
Жолында
алтын гауһар толып жатыр,
Еш
адам ала алмайды балталаған.
/Күн
мен сағым/.
Бір
үйде қос сұлу қыз ағайынды,
Екеуі
қызықтырған талайыңды.
Жүдемес
төрт маусымда мұңаймаса,
Тұрады
нұрға малып маңдайыңды.
/Ай,
күн/.
Су
ішінде екі жайын,
Бірі
кетсе, бірі дайын.
/Ай,
күн/.
Айтайын
мен жұмбақ сексен сегіз,
Шешуі
қиын емес ескерсеңіз.
Болады
бірі өткір, бірі өтпес,
Ақылы
мұны тапқан ұшан-теңіз.
/Ай,күн/.
Тең,тең,
тең киіз,
Екі
ортасы кең киіз.
Арасында
киіздің
Сайрандаған
қос мүйіз.
/
Ай, күн/.
Біреудің
бір ұлы бар және қызы,
Біледі
ол екеуін дүние жүзі.
Ұйықтайды
ұлы түнде, қызы күндіз,
Жүргенде
білінбейді басқан ізі.
/Күн
мен ай/.
Алтын
кетті,
Күміс
келді.
/Күн
мен ай/.
Дарияда
жайын жүзер дөп-дөңгелек,
Қанаты
асты қара бір көбелек.
Жанады
бір шаһардан сансыз шырақ,
Адамға
қиын екен санап білмек.
/Ай,күн,күндіз,түн,жұлдыздар/.
Бір
анасы, бір атасы,
Бірнеше
мың баласы.
/Ай,күн,
жұлдыздар/.
Көрінді
ту алыстан көкше теңіз,
Тырнадан
он бірі арық, бірі семіз,
Бөлініп
бір топ үйрек кетті-ау ұшып,
Ол
үйрек әлде жеті, әлде сегіз.
/Аспан,он
екі ай, бір ай ораза,үркердің бірде жеті,бірде сегіз болып көрінуі/.
Ай
далада ақ шатыр,
Ақ
шатырдың ішінде
Қызыл
көзді шал жатыр.
/Аспан,
күн/.
Жалғанда
бір нәрсе бар аяқ қапты,
Ұшады
кешке дейін дамыл таппай.
/Күн/.
Табан,
табан, табан ақ,
Табаны
жалпақ қоян ақ.
Күлген
көзі күмістен,
Келе
жатыр қоян ақ.
/Күн/.
Ар
жағында орманның,
Ар
жағында таулардың,
Алтын
кеспек домалар.
/Күн/.
Дүниеде
бір алыпты көрдім күшті,
Бар
салмақ дүниедегі соған түсті,
Құнарлы
қуатынан тояттанып,
Әр
түрлі жер бетінде жеміс пісті.
/Күн/.
Қызыл
күлше тау асады,
Ыстық
нұрын шашады.
/Күн/.
Аспанда
бір айна бар,
Әлемді
көріп айналар.
/Күн/.
Ұзын-ұзын
сырғанақ ,
Ұшығына
кім жетер?
Асыл
бесік күйкентай,
Жұмыртқасын
кім табар?
/Күннің
батуы, шығуы/.
Ақ
сандығым ашылды,
Ішінен
дүрлер шашылды.
/Күннің
көзі/.
Ақ
сандығым ашылды,
Қызарып
жалын шашылды.
/Күн/.
Жалғанда
бір нәрсе бар аяқ қапты,
Ұшады
кешке дейін дамыл таппай.
/Күннің
көзі/.
Керегенің
басында кепкен жаулық,
Кет
десем де кетпейді, неткен жаулық?
/Күннің
кереге басына түскен сәулесі/.
Бір
анасы,
Бір
атасы,
Бірнеше
мың баласы.
/Ай,күн,жұлдыздар/.
Көк
жүзіне қарасаң, төбеңде тұрады,
Көл
бетіне қарасаң, төменде тұрады.
/Күн,
ай, жұлдыздар/.
Ғажайып
сылақтаған бір арғымақ,
Бірі
алтын, бірі күміс екі құлақ,
Болғанда
жеті әйелмен аямай-ақ.
/Күн,
ай,отыз күн, апта/.
Қарындасы
қонаға
Ағасын
іздеп келгенде,
Ағасы
қашып кетеді,
Үйден
шығып бір жерге.
/Ай
мен күн/.
Ақырған
айдаһардай арыстаным,
Айтысып
тағы жұмбақ қалыспағын.
Екі
өркеш, жеті башпай жұмбағым бар,
Осыны
ойламай тап, данышпаным.
/Ай,күн,
апта/.
Қонақтап
күнде қонар су бетіне,
Сүйсінер
барлық адам келбетіне.
Тұлғасы
су ішінде көрінеді,
Таңырқап
қарап тұрсам суретіне.
/Ай/.
Төсек
астында жарты нан.
/Ай/.
Жабық
астында жарты күлше.
/Ай/.
Үй
астында ақ тоқым.
/Ай/.
Көлде
жүрген ақ үйрек,
Түнде
бар да, күндіз жоқ.
/Ай/.
Көп
моншақ ішінде бір түйір қалам.
/Ай/.
Керегенің
басында кепкен бауыр,
Кесіп
алса таусылмас неткен бауыр?!
/Ай/.
Айдаһар
күндіз жатып, түнде шығар,
Қаһарлы
қалыбына әркім құмар,
Болыпты
туғаннан-ақ күнмен талас,
Күнді
көрсе айдаһардың жүзі солар.
/Ай/.
Күндіз
әйнегі сынады,
Түнде
орнында тұрады.
/Ай/.
Кішкентай
нан барша ғаламға жетеді.
/Ай/.
Жабықта
жарты нан.
/Ай/.
Қонақтап
күнде келер су бетіне,
Пар
келмес гауһар заты келбетіне.
Сәулесі
су жүзінде дірілдейді,
Тамаша
қарап тұрсаң суретіне.
/Ай/.
Күндіз
күннен таярмын,
Түнде
әлемге аянмын.
/Ай/.
Кейде
орта, кейде толы бір тегене,
Көрінер
кейде күндіз, кейде түнде,
Бетіне
ақ шағыдан перде тартқан,
Балалар,
ойлап қара, бұл немене?
/Ай/.
Он
төрт - он бес жасында
Адамның
басындай.
Бір
және отыз жасында
Адамның
қасындай.
/Ай/.
Тап-тап,
табан ақ,
Табаны
жалпақ қоян-ақ,
Тайшыағардан
су ішіп,
Туып
тұрған дуадақ.
/Ай/.
Көп
бауырсақ ішінде бір қалаш.
/Ай/.
Тақырда
тайдың ізі,
Айналасы
қойдың ізі.
/Ай
мен жұлдыз/.
Әуелі
айтатыным асыл шөлмек,
Бір
толып, бір азайып қайта келмек.
Сарайда
жанып тұрған сансыз шырақ,
Адамға
оңай емес санап білмек.
/Ай
мен жұлдыз/.
Тақырда
Аймағамбет өліп жатыр,
Қасында
есек жемі толып жатыр.
/Ай
мен жұлдыз/.
Үй
үстінде ұсақ тас.
/Жұлдыз/.
Көп
моншақ үй үстіне қойдым шашып,
Қарасам
толып жатыр көзін ашып.
Үйіме
сәулеленіп түссе жарық,
Кетеді
әлгі моншақ бәрі қашып.
/Жұлдыз/.
Біреуде
отряд көп сан жетпейді,
Күндіз
олар ешкімге көрінбейді.
Мізбақпай
ұзақ түнде күзетте боп,
Тұруға
бір орында ерінбейді.
/Жұлдыз/.
Етегім
толы сөк,
Ерте
тұрсам жоқ.
/Жұлдыз/.
Тақиям
толған сөк,
Ерте
тұрсам дым да жоқ.
/Жұлдыз/.
Шым-шытыр,
Шиедей
қотыр.
/Жұлдыз/.
Біз,
біз, біз едік,
Отыз
арба қыз едік,
Бір
тақтайға жиналдық,
Таң
атқанда жоқ болдық.
/Жұлдыз/.
Таң
атқанша тары шаштым.
/Жұлдыз/.
Бірталай
тары шаштым там басына,
Әуре
болып толтыра алмай қамбасына,
Қиыстырып
өлеңмен жұмбақ қылдым,
Ойлағандар
мәнісін аңдасында.
/Жұлдыз/.
Бір
байдың мың қойы қоздайды екен,
Біреуі
біреуінен озбайды екен.
Болғанмен
алтын астау, күміс күндеу,
Болғанша
қиямет қайым тозбайды екен.
/Жұлдыз/.
Атасы
мен анасы,
Миллионнан
көп баласы.
/Жұлдыз/.
Күндіз
бәрі қашады,
Түнде
аспанды басады.
/Жұлдыз/.
Көкте
күлімдейді,
Қолға
ілінбейді.
Бірінен
бірінің
Қашықтығы
білінбейді.
/Жұлдыз/.
Күн
батқан соң жайылдық,
Таң
атқанша тойындық.
Таң
атып жарық түскен соң,
Тойынып
алып жойылдық.
/Жұлдыз/.
Шым-шытыр,
шиедей қотыр,
Оның
ішінде әкем отыр.
/Жұлдыз
бен ай/.
Қиырсыз
бір теңіз бар ол немене,
Құбылып
қалқиды алтын бір тегене,
Сансыз
құс жүзеді ортасында,
Алты
қаз, жеті үйрек, үш бөдене.
Оқшау
жүр ақ шағала, көк шағала,
Теңіздің
ортасында күміс кесе.
/Аспан
әлемі, жұлдыз/.
Алтын
бәкі,
Күміс
сәкі
Қырық
қысырақ,
Бір
сәуірік.
/Күн,
Шолпан, жұлдыз, ай/.
Бір
емен, жеті терек, алты қайың,
Бұтағы
толып жатыр дайым, дайым,
Ішінде
шынар терек, үш қарағай,
Өңгесін
айта беріп не қылайын?
/Шолпан,
Жетіқарақшы, Үркер, Үш таразы/.
Аспанда
ұшып жүрген жеті торғай,
Барады
бір-біріне қосыла алмай.
/Жетіқарақшы/.
Алты
қаз, жеті үйрек, бір бөдене,
Кейде
орта, кейде толы сары тегене,
Тұнық
пенен лайдың арасынан,
Бір
аққу ұшып шықты қанат кере.
/Жетіқарақшы,
Шолпан,Үркер, күн/.
Алты
қоян қашады бұдан былай,
Жеті
лашын қуады ұдай-ұдай.
Артынан
екі бүркіт тағы кетті,
Шешіп
бер жұмбағымды қарап тұрмай.
/Үркер,
Жетіқарақшы, ай, күн/.
Мен
бір жұмбақ айтайын асыл досқа,
Бір
сарай толып тұрған ақ күміске,
Болғанда
алты тауық, жеті тақ-тақ,
Баршасы
қорқады екен тоты құстан.
/Үркер,
Жетіқарақшы, Шолпан/.
Бап-бап,
басы бар,
Алтын
ердің қасы бар,
Бұны
тапқан адамның
Жүз
жиырма да жасы бар.
/Шолпан/.
Байладым
бір қазыққа екі жылқы,
Екі
жігіт ала алмай болды күлкі,
Жетеуі
бір қызға ғашық болып,
Ағарды
қасіреттен сақал-мұрты.
/Темірқазық,
Ақбозат, Көкбозат, Жетіқарақшы, Шолпан жұлдыз/.
Туғанда
алтау едім,
Өле-өле
жетеу болдым.
/Үркер/.
Аспанда
ұшып жүрген алты торғай,
Өмірбақи
жүреді жерге қонбай.
/Үркер/.
Бар
ма, жоқ па, анық білмейсің,
О
жоқ жерде өмір сүрмейсің.
/Ауа/.
Бір
нәрсе жер мен көктің арасында
Көрінбейді
өзі түгіл қарасы да,
Білінбей
жер үстінде жүрсе-дағы,
Пайдалы
адамзаттың баласына.
/Ауа/.
Салмағың
бар өлшесем,
Көрінбейсің
көзге сен.
/Ауа/.
Көкжиегі
тұйық дөң,
Шатыр
тіккен биік кең.
/Аспан/
Төріңде
тұр нұр көзі,
Жердің
биік күмбезі.
/Аспан/
Әйнектей
көгілдір,
Теңіздей
тым мөлдір.
/Аспан/
Тіршілік
аусар тек,
Ұстасаң
қауқар жоқ,
Айналам
қоршау көк,
Одан
асқан кәусар жоқ.
/Ауа/
Күмбез
сынды кең сарай,
Еш
жерде жоқ тең сарай.
/Аспан/
Жайғаным
түкті кілем,
Ілгенім
— тықыр кілем.
/Жер
мен Аспан/
Қос
алып көз,
Бірі
— жарықта көреді,
Бірі
қараңғыда көреді.
/Күн
мен Ай/
Айдалада
көк шатыр,
Көк
шатырда
Қызыл
көзді шал жатыр.
/Аспан
мен Күн/
Әлемнің
бар екі күзетшісі;
Бірі
— күндіз тынығады,
Бірі
— түнде тынығады.
/Күн
мен Ай/
Мекені
көкте екі ару,
Бір-бірін
көруге зәру.
/Күн
мен Ай/
Үлкен
алтын табақтан,
Әлемге
нұр таратқан.
/Күн/
Алауға
оранып,
Көкке
өрлеп шығады.
Бір
айналып оралып,
Көкжиекке
бұғады.
/Күн/
Күн
мен түннің кеңдігін,
Жер
шарының ендігін,
Қақ
бөліп тұр тепе-тең,
Жұмыр
жердің белдігі.
/Экватор/
Ғаламның
шырағы не?
Адамның
шырағы не?
/Күн
мен Білім/
Екі
доп ауысты,
Бір
шеңберді тауысты.
/Күн,
Ай, Тәулік/
Жартысы
Жадыратып
нұр себеді,
Қалғаны
Қара
мақпал бүркенеді.
/Тәулік/
Шаруасы
әр салалы,
Он
екі балалы,
Бәйтеректей
атам бар.
Әр
баласының
Отыздан
серігі,
Өзіне
лайық көрігі бар.
/Жыл
он екі ай/
Алып
мұхит — ақ алау,
Шеті
шексіз жағалау.
/Көкжиек/
Тұрғанымен
жырақ өзі,
Таусылмайтын
шырақ көзі.
/Күн/
Орақ
болып туады.
Табақ
болып тынады.
/Ай/
Бейнесі
суда дірілдейді,
Қармаққа
бірақ ілінбейді.
/Ай/
Көк
төрінде жоғары,
Ілулі
тұр атамның
Сапталмаған
орағы.
/Ай/
Сарайдың
сансыз шырағы,
Нұр
шашып, самсап тұрады.
/Жұлдыз/
Жылт-жылт
етіп төбемде,
Түсе
алмай тұр төменге.
/Жұлдыз/
Күндіз
білінбейді,
Түнде
күлімдейді.
/Жұлдыз/
Көк
жүзінде ай батқан,
Жолақ
жатыр,
Аумаған
Төгіп
алған қаймақтан.
/Құсжолы/
Айсыз
түнде қараңғы,
Түнекте
де боранды.
Бір
орнынан жылжымай,
Бағыт
берер бұлжымай,
Қандай
жұлдыз шырағы,
Жол
көрсетіп тұрады?
/Темірқазық/
Мөлдір
көкте бір ғана,
Шоқтай
жайнап тұр дара.
/Шолпан/
Күнді
айналып қозғалады,
Артында
жарық жол қалады.
/Құйрықты
жұлдыз/
Күзде
шығыстан,
Қыста
төбеден.
Көктемде
батыстан көрінетін,
Шілдеде
күн қасында боп,
Түнде
жоғалатын не?
/Үркер/
Дұрыстап
аңғарсаң,
Көктегі
бағдаршам.
/Үркер/
Алып
кілем —
Гүлге
толы
Үсті
кілең.
/Жер/
Жыл
мезгілі шуақты,
Жердің
беті нұрланған.
Сайды
қуып су ақты,
Гүлдер
өсті ырғалған.
/Көктем/
Терезеден
есіледі,
Қараңғыны
көшіреді.
/Сәуле/
Күн
көзінен құйылады,
Жер
бетіне жиылады.
Құшақ
ашып барша тірлік,
Қуанады,
сыйынады.
/Нұр/
Түсі
бар көрінбейтін,
Біртұтас
бөлінбейтін.
Тынысы
ол тірліктің,
Ешқашан
жерінбейтін.
/Ауа/
Ештеңеден
қаймықпай,
Көзді
арбаған өрнекпен.
Сурет
салар айнытпай,
Шебер
еді ол неткен?
/Аяз/
Күндіз
шырақтай,
Тұрады
түгел жадырап.
Түнде,
бірақ та,
Түңдігі
жабық шаңырақ.
/Жарық
пен Қараңғы/
Ағаштарды
шайқайды,
Көзге
көрінбейді.
Шарлағанда
сай-сайды,
Бір
сәт ерінбейді.
/Жел/
Зәулімде
тұрағы,
Тіреусіз
тұрады.
/Бұлт/
Дәу
шүйкесін,
Күн
алды,
Көк
Теңізге түсіріп,
Шығарды
да жұлбасын,
Жел
әкетті ұшырып.
/Бұлт/
Етек-жеңі
жиналмай,
Дауыл
тұрса дым қалмай,
Түйдектеліп
көшеді,
Тоз-тоз
болып өшеді.
/Бұлт/
Қара
алып жарқыратып,
Жасын
атып, күркірейді.
Суды
сайға сарқыратып,
Демі
шөпті сілкілейді.
/Бұлт/
Көшіп
жүріп желменен,
Сеуіп
шықты тамшысын,
Қыраттарға
шөлдеген.
/Бұлт/
Бірде
— селдір жабағы,
Бірде
— теңбіл жабағы.
/Бұлт/
Бұдақ
түтін түсі аппақ,
Көк
жүзіне тұзақтап,
Қойғандай-ақ
жылжымай,
Тауды
өбеді құшақтап.
/Ақша
бұлт/
Аспаннан
домалап,
Көп
моншақ төгілді.
Бусанып
жон-алап,
Терледі,
керілді.
/Жаңбыр/
Келістіріп
өрнегін,
Құрып
қойды өрмегін.
/Кемпірқосақ/
Жарқылдан
соң жаңағы,
Суға
бөкті бар алап.
Көкте
түрлі жолақты,
Өрнек
тұрды ғаламат!
/Кемпірқосақ/
Жаңбыр
жуды жерімді,
Көкте
өрмек керілді.
/Кемпірқосақ/
Аспанды
от қамшы осады,
Ащы
үнін ышқынып қосады.
/Найзағай/
Дүрліктіріп
қырқаны,
Шақпақ
тастың жарқылы
Бұлт
көрпесін жыртады.
/Найзағай/
Шашылды
көктен ақ моншақ,
Жоғалды
біздер тапқанша-ақ.
/Бұршақ/
Дауыл
ақ дән ұшырып,
Шашып
өтті аспаннан.
Шекемізді
ісіріп,
Қаштық
үйге сасқаннан.
/Бұршақ/
Ақ
құмалақ шашылды,
Жан-жаққа
бірдей боп.
Күн
көзі ашылды,
Жер
қапты жұрдай боп.
/Бұршақ/
Әуеде
ақ мамық
Қалбалақтап
ұшады,
Қанаты
талып,
Жерді
барып құшады.
/Қар/
Аспаннан
ақ ұлпа борады,
Қырқаны
сейсепке орады.
/Қар/
Қоймасын
қыс ақтарып,
Жерді
жапты ақ мамық.
/Қар/
Мөлдіреген
жүзімді,
Ұстап
едім, үзілді.
/Шық/
Тек
өзі көрінбейді,
Адамды
тоңдырады.
Ызғары
дірілдетіп,
Есіңнен
тандырады.
/Аяз/
Қолы
менен қаламы жоқ,
Бірақ
сурет салады көп.
/Аяз/
Мүлгіп
тұрған бақ тыныш,
Ораныпты
ақ күміс.
/Қырау/
Көлдің
беті көк әйнек,
Сырғанауға,
тым әйбет!
/Мұз/
Қыс
бойы біз коньки тепкенде,
Айдынның
мөп-мөлдір көгілдір,
Тозбаған
көрпесі,
Көктемде
Бір
күнде-ақ бой-бой боп сөгілді.
/Мұз/
Суда
қалқиды,
Жылыда
балқиды.
/Мұз/
Қыста
шыны боп қатады,
Жылыда
су боп жатады.
/Мұз/
Жалтырайды
сайда,
Сынбайтын
айна.
/Мұзойнақ/
Мұхиттардың
ортасында,
Аппақ
тау бар, түк өспейді.
Жер
шарының картасында,
Оған
еш шың теңеспейді.
/Айсберг/
Мұхитта
дәу бір —
Қалқып
тау тұр.
/Айсберг/
Жиегіне
шатырдың,
Судан
шеге қатырдым.
/Сүңгі/
Айтқаныңды
айнытпай,
Қайталайды
өзіңе.
Тіл
қатқанмен қаймықпай,
Көрінбейді
көзіңе.
/Жаңғырық/
Дауысыңды
қайталап жырақта,
Айнытпай
жеткізер құлаққа.
/Жаңғырық/
Сұрғылт
түтін,
Бүркесе
маңайды,
Адастырар
талайды.
/Тұман/
Аспан
түйді қабағын,
Сұр
пердесін керді де,
Жапты
жердің танабын.
/Тұман/
Алдымда
тұрды ақ түбіт,
Бірақ
ұстай алмадым,
Жүгіріп
барып аптығып.
/Сағым/
Қызыл
Құмда көл жатыр,
Шымылдықтай
шайқалып.
Будан
аумас ол тақыр,
Көлбейді
тек жайқалып,
Ұстай
алмас қол батыр,
Желмен
кетер шайқалып.
/Сағым/
Көктемде
Дүр
сілкінді өзен ағынды.
Деп-демде
Шытынап
шынысы
Төменге
ағылды.
/Сел/
Күннің
көзі түйілді,
Көкте
бұлт үйірілді.
Сұйық
моншақ шашылып,
Жерге
нәр боп құйылды.
/Тамшы/
Еш
тесікке тұрмайды,
Ол
жоқта жер құрғайды.
/Су/
Аяғы
жоқ, қолы жоқ,
Бірақ
тыныш тұрмайды.
Сақтамасаң
— қорын тек,
Барша
тірлік қурайды.
/Су/
Қия
шыңнан құлайды,
Тасты
бұзып арыны.
Ақ
жалданып тулайды,
Құлақ
жарар сарыны.
/Сарқырама/
Бұйра
жасап сан қилы,
Сұйық
жазық шалқиды.
/Теңіз/
Бірде
былдыр-былдыр,
Сәбилердің
тіліндей,
Бірде
сыңғыр-сыңғыр,
Қоңыраудың
үніндей,
Ән
сап жатқан ерінбей,
Бұл
не?
/Бұлақ/
Сынаптай
жылтырап,
Биіктен
сырғиды,
Ән
салып былдырап,
Іздейді
ылдиды.
/Бұлақ/
Туған
жердің белбеуі,
Шұбатылып
қалыпты.
Керемет-ау
кернеуі,
Тасты
тесіп, жарыпты.
/Өзен/
Көрсең
оның ағысын,
Таңғалтар
таудың тағысын.
Бұрқап
жатқан көк тасқын,
Үстінен
ырғыр жартастың,
Ырық
бермес үйірген
Толқыны
асау шүйілген.
/Тау
өзені/
Шөпті
жапырып,
Құмды
сапырып,
Қоқысты
үйіріп,
Әкеткен
не шүйіріп?
/Құйын/
Жерді
тырнап,
Бұтаны
ырғап.
Шөпті
сипап,
Ұшады
зырлап,
Жанын
қинап,
Ұлиды
зарлап.
/Боран/
Бір
дүлей күш — қас пейілді,
Итереді
кеудеңнен.
Алысайын
десең,
Қолға
түкте іліктейді.
/Боран/
Көрінбейді
өзі,
Терезені
ұрады.
Айтатын
жоқ сөзі,
Ысқырыптұрады,
Болмаса
да аяқ-көзі,
Серуен
де құрады.
Бұл
не?
/Боран/
Шөміші
жоқ,
Теңізді
сапырады.
Кебісі
жоқ,
Егінді
жапырады.
/Дауыл/
Қурап
тұрған кеңістік,
Күн
күйдірер маңдайды.
Аптабы
бар ең ыстық,
Кебірсітер
таңдайды.
/Шөл/
Өртесең
де ерімейді,
Не
тот басып шірімейді,
Өн
бойына су сіңбейді,
Ылғал
тартып, ірімейді.
/Тас/
Екі
бөліп жотаны,
Сұлап
жатқан семсердей.
Тас
қайрақтай табаны,
Жатады
бір теңселмей,
Құмырсқадай
қаптап жай,
Машиналар
мың қилы,
Тізбектеліп
тоқтамай,
Үстіменен
сырғиды.
/Жол/
ЕГІС ЖӘНЕ ӨСІМДІКТЕР ТУРАЛЫ ЖҰМБАҚТАР
Жүруге
жоқ, шығуға жарар жаны бар,
Тәртіппенен
тұратын өз әлінше сәні бар.
Керек
болар кейін деп түйіп алған,
Азық
қылар бір азырақ дәні бар.
/Егін/.
Жеп
жатарда жасқанбай бірді берсең,
Ондап-жүздеп
аларсың егер көрсең.
Еш
уақытта еңбегің еш болмайды,
Әрекет
қып, беріп ал, тіліме ерсең.
/Егін/.
Біздің
ел сұратады сегізіңді,
Бұғыдай
мойны жуан семізіңді.
Алдынан
алақанын төсеп алып,
Тартады
тойғызам деп негізіңді.
/Егін/.
Ұстарамен
алынбас,
Ұйысып
тұрған қалың шаш.
/Егін/.
Қар
астында қыстағаны,
Жасыл
бөрік тыстағаны.
/Күздің
егіні/.
Жасынан
тәрбиелеп бала бақтым,
Өсіріп
ол баланы жұртқа жақтым.
Күніне
екі-үш рет көрмей тұрсам,
Болмайды
бұл дүниеде менің нақтым.
/Егін,
ішкен тамақ/.
Алтын
аяқты,
Алтын
десем - азығы жоқ,
Ол
жоқ болса - алуы жоқ.
Дүние
толған адамның
Баршасы
да теп-тегіс,
Біріне
бірі қарауы жоқ.
/Астық
пен аштық/.
Желі
басында бес бие,
Бесеуі
де жас бие.
Құлындары
құла ала,
Құлақтары
сары ала.
/Масақ/.
Аласа
терек,
Алпыс
бұтақ,
Бұтақ
сайын ұя,
Ұя
сайын жұмыртқа.
/Масақ/.
Мысық
мұртты,
Өрмек
басты.
/Бидай/.
Ұзын
мұртты сарылар,
Қойнында
наны бар.
/Бидай/.
Екі
жағы бүртік,
Ортасы
сызық.
/Бидай/.
Аласа
ғана бойы бар,
Қойнына
тыққан наны бар.
/Бидай/.
Өзі
қызық,
Бауырында
бар
Жалғыз
сызық,
Бұған
жұрттың бәрі де ынтық.
/Бидай/.
Бек
тұрған,
Белін
буып,
Тек
тұрған.
/Бау
бидай/.
Бір
ағашта қырық бұтақ,
Қырық
бұтақта қырық ұя,
Қырық
ұяда қырық жұмыртқа,
Қырық
жұмыртқада қырық балапан.
/Бидайдың
масағы/.
Қызыл
күріш тас болып түседі,
Ақ
ұлпа қар болып шығады.
/Бидай
ұн/.
Бала,
бала, балалар,
Мүйізінен
су ішіп,
Таяғынан
балалар.
/Тары/.
Бір
бұтаның қырық ұясы бар,
Қырық
ұяда қырық мұрасы бар.
/Тары/.
Мынау
неге мұңаяды,
Бір
жағына қыңыраяды,
Аузы-басын
түк басып,
Тұмсығы
неге қызарады.
/Тары/.
Пәре-пәре
болды,
Басы
айналып жара болды.
Бастарына
жүн шығып,
Басымызға
бәле болды.
/Жүгері/.
Бойы
бір қарыс,
Сақалы
екі қарыс.
/Жүгері/.
Жерден
шығар көгеріп,
Беліне
қылыш байланып.
/Жүгері/.
Қол
басындай ағашта
Сансыз
адам байлаулы,
Санасаң
саны бар,
Аяғында
жаны бар.
/Жүгері/.
Мұнда
тау,
Онда
тау,
Ортасында
көп шөп.
/Пісте/.
Сары
қызым көгенде тұрып семірген
/Жалбылша/.
Көк
лағым көгенде тұрып семірген.
/Қарбыз/.
Соғым
үшін сайлап қойдым,
Бордақылап
байлап қойдым.
/Қарбыз/.
Бір
шар бар кіріп шығар есігі жоқ,
Су
ішер, нан жемейді, тамағы тоқ.
Ішінде
көп балапан етер мекен,
Ас
қылып сойып жесең балдай екен.
/Қарбыз/.
Өзі
аласа, семіз, майы жоқ,
Терісі
қалың, жүні жоқ.
/Қарбыз/.
Жерде
жатып желіндейді,
Күзге
дейін желінбейді.
Үндеместен
төлдеп жатыр,
Су
бермесең шөлдеп жатыр.
/Қарбыз/.
Ара-арасы
ақпа тіл,
Арасынан
тастап тіл.
/Ала
қарбыз/.
Қолымда
сақинам бар алшығарай,
Қойды
қасқыр жейді екен қан шығармай.
Бұл
жұмбақты қайсы жігіт табады,
Сол
жігітке тиемін мал шығармай.
/Қарбыздың
тіліктері, қарбыз, пышақ/.
Алуан
түрлі түсі бар, сырты қатты,
Адамзат
жеуге құмар, өзі тәтті.
Тоқсан
күнде толықсып, күні бітіп,
Есепсіз
ақты-қара бала тапты.
/Қауын,
қарбыз/.
Сусыз
піскен ас көрдім,
Домаланған
бас көрдім.
Бауыздасаң
қан орнына су ағар.
/Қауын/.
Бір
арқанда отыз қой байлаулы жатыр.
/Қауын/.
Атасынан
бұрын баласы базарға барады.
/Қауын/.
Құдая,
құдіретіңнің панасынан,
Таңым
бар мен құдайдың бар күшіне,
Анасы
туады екен баласынан.
/Қауын/.
Ұзын-ұзын
әулие,
Онан
да ұзын әулие.
Тораңғылдың
түбінде,
Теңкиіп
жатқан әулие.
/Асқабақ/.
Ояғы
тау, бұяғы тау,
Ортасында
бұжыр тау.
/Жаңғақ/.
Сырты
тас, іші қуыс бөлек-бөлек,
Базардан
оны сатып алса керек.
Алған
жанға тағамдық пайдасы бар,
Шешіп
бер, жұмбағымды болсаң зерек.
/Жаңғақ/.
Асты
тас, үсті тас,
Шағып
жесең, піскен ас.
/Жаңғақ/.
Алыстан
қарасам әңгір-күңгір,
Қасына
келсем қаптаулы темір,
Ашып
қарасам аппақ,
Жеп
қарасам тәп-тәтті.
/Жаңғақ/.
Кішкене
қозымның асы дәмді.
/Пісте
жаңғақ/.
Мәуе
ішінде тас,
Тас
ішінде ас.
/Өрік/.
Бар
еді бір жұмбағым аты бүрлен,
Шіркінді
нәпсі қойып шешіндірген.
Ішінде
бір нәрсе бар дүмбірлеген,
Оны
аламыз деп қылдық талап.
Алалмай
бір қыдыру тұрдық қарап,
Отыз
кісі жиылып алсақ қарап,
Нәрсесі
ішіндегі доп-домалақ.
/Өрік/.
Домалақ
қана албар,
Ішінде
қатты дәні бар.
/Анар/.
Кішкентай
ғана құтша,
Іші
толы мықша.
/Анар/.
Алма
дерсің, түсіне қарап,
Жүгері
дерсің, ішіне қарап,
Татсаң
тәтті, бал шәрбәтті.
/Анар/.
Үлкендігі
алмадай,
Сырты
жанған қызыл от,
Ішін
жарып қарасаң-
Майда
, майда қызыл шоқ .
/Анар/.
Өзі
қызыл , өзі қызық ,
Ортасында
бір сызық .
/Шабдалы/.
Үстіне
тігіп көк шатыр ,
Астында
қызғылт дәу жатыр .
/Қызылша/.
Үлпершекке
қан құйып ,
Үріп
талға байладым.
/Бүлдірген/.
Қыналы
бармақ ,
Жез
оймақ.
/Бүлдірген/.
Болған
соң түсі қызыл , түсі шұбар ,
Адамзат
жеп көруге оны құмар.
Тегінде
өне бойы болып тұрмас,
Біраз
ғана боп тұрар уақтысы бар.
/Бүлдірген/.
Біз,
біз, біз едік,
Біз
де бір топ қыз едік.
Бізді
бізіп қойды,
Бір
жіпке тізіп қойды.
/Шие/.
Ирек-ирек
әкесі бар,
Желбіреген
шешесі бар,
Тәттібике
деген қызы бар.
/Шие/.
Арбайған
әкесі бар,
Тарбайған
шешесі бар.
/Шие
ағашы/.
Атасы
бүкір қожа,
Анасы
жайма шелпек.
Баласы
шырын, шекер,
Бір
сабақта ғұж-ғұж жентек.
/Жүзім/.
Бір
анадан жүз бала,
Жүзі
де боз бала.
/Жүзім/.
Бұты,
бұты ұзын,
Бұтынан
да қолы ұзын.
/Жүзім/.
Қыста-мазар,
Жазда-базар.
/Жүзім/.
Азар,
азар кетті,
Әкесі
мазар кетті,
Баласы
базар кетті.
/Жүзім/.
Аспай
піскен,
Қайнамай
түскен.
/Жеміс/.
Отырған
мекен етіп жапан дала,
Бір
талай мақұлыққа болған ана.
Мезгілі
жеткен шақта жүкті болып,
Алты
айда табады екен сансыз бала.
/Алма
ағашы/.
Түсі
бар ақты, көкті, қызыл ала,
Пайдасы
адамзатқа тиген жаңа.
Қойыпты
ортасына қазық қағып,
Сүйкімді
көреді екен бала-шаға.
/Алма
ағашы/.
Әрі
қызыл, әрі тәтті,
Татқан
жанды таңырқатты.
/Алма/.
Гүлсіз
миуа піседі,
Көп
жесең тіл жарады.
Ай
сияқты дөңгелек,
Бұны
кім табады?
/Әнжір/.
Сырты
қызыл, іші ақ,
Ортасында
бір таяқ.
/Жиде/.
Сары
қапта бір қап ұн,
Ұн
ішінде бір ұстұн.
/Жиде/.
Болат
жапырақ шешесі бар,
Тәтті
бике қызы бар,
Тастай
қатты баласы бар.
/Жиде/.
Әңкүр-мәңкүр
әкесі бар,
Жайлы
шыбық шешесі бар.
Сұлу
бикеш қызы бар,
Арамзада
ұлы бар.
/Жиде
тал/.
Жер
астында темір қазық.
/Сәбіз/.
Жер
астында қызыл қыз отыр.
/Сәбіз/.
Жер
астында жез қазық,
Жеуге
болар ас қазық.
/Сәбіз/.
Жаздай
інге тығылып,
Жатқан
қызыл түлкіні
Құйрығынан
суырып,
Әкелді
әжем бір күні.
/Сәбіз/.
Сары
балам ішкері,
Сақалдары
тысқары.
/Сәбіз/.
Қызыл,
қызыл, қызыл қыз,
Бұрымы
кеткен ұзын қыз.
Өзі
ұйқыға батады,
Бұрымы
сыртта жатады.
/Сәбіз/.
Жерге
қазық қақтым,
Басына
айдар тақтым.
/Сәбіз/.
Жер
астына түседі,
Сап-сары
боп өседі.
/Сәбіз/.
Тоғыз
қабат қызыл торқасында,
Өседі
екен ақ сүйрік ішінде.
/Сарымсақ/.
Аласа
ғана бойы бар,
Тоғыз
қабат тоны бар.
/Сарымсақ/.
Қанттан
ақ, бүйірі тоқ,
Жерден
алар керегі көп.
Киетіні
қызыл, жасыл көйлектер
Ол
не екен; кәне, достар, ойлап көр?
/Пияз/.
Қалың
киімді ұнатады,
Шешіндірсең
жылатады.
/Пияз/.
Жер
астында ақбоз ат,
Терісі
бар он қабат.
Жалынан
ұстап соярсың,
Жей
бастасаң жыларсың.
/Пияз/.
Бар
екен жер астында түйме басты,
Мәнісін
адам тауып айта алмасты.
Өзінің
кемеліне әбден келіп,
Басына
көріктей ғып ығыр шашты.
/Жуа/.
Бір
күмбездің ішінде мың күмбез.
/Жуа/.
Формы
бар домалақ,
Көміп
қойдым сығалап,
Жақсы
болса тұрмысы,
Шығады
екен қоғалап.
Бес
ай тамам біткенде,
Қаптап
алдым құмалақ.
/Картоп/.
Кіргенде
жерге сынар-ды,
Ұрпағын
ертіп ол шығарды.
/Картоп/.
Ана
ауылдың кемпірі өлді деген немене,
Топыраққа
томпайтып көмді деген немене.
Анасы
сол күйінде өліп қалады,
Балалары
шуылдап толып болады.
/Картоп/.
Аласа
ғана бойы бар,
Қабат-қабат
тоны бар.
/Капуста/.
Аласа
талда алуан алма,
Алқызыл
болмай аузыңа салма.
/Помидор/.
Шақырсаң
өздігінен бара алмайды,
Сұрасаң
бірде жауап бере алмайды.
Егер
де отқа салсаң өліп кетер,
Бір
жерін кесіп алсаң қанамайды.
/Ағаш/.
Қозғалмай
бір орында қарап тұрар,
Адамның
қажетіне жарап тұрар.
Қаншалық
жәбір көрсе, сабыр етіп,
Және
де көбеймекке талап қылар.
/Ағаш/.
Жазда
жасыл тон киеді,
Күзде
сары тон киеді.
Қыста
, суық аязда
Жалаңаш
тұруды сүйеді.
/Ағаш/.
Өсіп
тұрған бұл не,
Жаз
болса жайнап,
Саясында
ән салып ,
Құстар
жүрген сайрап.
Салқын
түссе шешіліп,
Қалады
өзі жайрап.
/Ағаш/.
Қыс
болса ұзын бойлы жалғыз тұрған,
Жаз
болса түрлі құстар келіп қонған.
Қысты
күні киімсіз, жазда киімді,
Жыбырлап
түрлі жәндік соған толған.
/Ағаштың
жапырағы/.
Ол
өзі мекен еткен жаһан дала,
Атасы,
анасымен біреу ғана.
Қысында
бар баласы кетіп бітсе,
Жазында
қайта бітер сансыз бала.
/Ағаш
және жапырақ/.
Айға,
күнге көрінбес,
Ағашпенен
тепе-тең.
/Ағаштың
өзегі/.
Ұзын-ұзын
ұзарады,
Ағарады,
бозарады.
Өскен
сайын басын иіп,
Мұңаяды,
қызарады.
/Мәжнүн
тал/.
Қалтырап
жап-жалаңаш,
Тұрғанда
терек, қарағаш.
Көк
желегін жамылып,
Құлпырар
қыста қай ағаш.
/Қарағай/.
Жазы,
қысы өзгермес,
Жаралған
баста түрінен.
Қанша
аяз болса да,
Айрылмайды
гүлінен.
/Қарағай/.
Тікен,
тікен тік пісте,
Қысы-жазы
бір түсте.
/Шырша/.
Кескінсіз,
талдай,
Миуасы
балдай.
/Тұт
ағаш/.
Күннің
нұрын сүйемін,
Күнге
басымды иемін.
Моншағым
жоқ мойнымда,
Үлкен
қалпақ киемін.
/Күнбағыс/.
Бір
сиырым ала бас,
Жан-жағына
қарамас.
/Күнбағыс/.
Жиып
қойсаң анасын,
Жеуге
болар шикідей,
Бұл
іске қайран қаласың.
/Күнбағыс/.
Ол
күнді күзетеді,
Күн
оны түзетеді.
/Күнбағыс/.
Күннен
көзін алмайды,
Мойны
бірақ талмайды.
/Күнбағыс/.
Бір
үйде бар мың қақпа,
Бір
қақпасы күн жақта.
/Күнбағыс/.
Өзінің
жаны жоқ,
Айға,
күнге қарайды.
/Айқабақ/.
Бір
ел бар су ішетін тамақ емес,
Сөйлесіп
бір-бірімен қылмас кеңес,
Үстіне
жаздыгүні киім киер,
Қыстыгүн
жалаңашы ештеңе емес.
/Бақша/.
Көгеріп
май алдында түрге келген,
Күшімен
адамзаттың өсіп-өнген.
Тамыз
бен қыркүйекте күні толып,
Әлеумет
пайдаланар алып жерден.
/Бақша/.
Қырға
кілем жайдым.
/Қызғалдақ/.
Бес-бес
біләлі,
Білектері
қыналы,
Жасыл
ала тон киіп,
Жайнап
шыққан біләлі.
/Қызғалдақ/.
Қар
астында қыстады,
Жасылмен
бөркін тыстады.
/Гүл
шешек/.
Айт
десе жүгірмес,
Су
тисе сілкінбес.
/Шөп/.
Ұзын-ұзын
ұзарды,
Іші
неге қызарды,
Аузы-басын
түк басып
Басы
неге мұңайды?
/Қонақ
деген шөп/.
Әкесінен
баласы бұрын туады.
/Шөмеле/.
Бар
екен бір асыл зат жерден өнген,
Кезуге
жер дүниені өзі көнген.
Барады
дөңгеленіп тор жорғадай,
Айдалада
жүруге тым-ақ жөндем.
/Қаңбақ/.
Шеңбер
жасап өседі,
Желмен
бірге көшеді.
/Қаңбақ/.
Бір-ақ
жерде жасында
Тұрды
оранып жасылға.
Қартайғанда
сарғайды,
Кезіп
кетті сай-сайды.
/Қаңбақ/.
Ұшарымды
жел біледі,
Қонарымды
сай біледі.
/Қаңбақ/.
Онда
барып ондай болдым,
Мұнда
келіп мұндай болдым,
Белін
буған қындай болдым.
/Ши/.
Басына
үлпілдетіп таққан шашақ,
Бұралып
тал шыбықтай тұрған жасап.
/Қамыс/.
Қатар-қатар
тұрғандар,
Түлкі
тымақ кигендер.
/Қамыс/.
Тоғай
толған жандар бар,
Әр
жандардың ішінде
Бөлмелеп
салған тамдар бар.
/Қамыс/.
Бір
нәрсе ұзын бойлы сәлдесі бар,
Қойнында
құшақтаған баласы бар.
Айтайын
мұның жайын сұрасаңыз,
Аққұба
ұйықтап жатқан анасы бар.
/Қамыс/.
Өзі
ұзын жіңішке,
Бұтағы
жоқ.
/Қамыс/.
Өзі
өте жіңішке,
Ішінен
рулы ел көшіп өтеді.
/Қамыс/.
Тасқа
шығар көк,
Бірақ
тамыры жоқ.
/Қына/.
Ұзын
терек,
Іші
кеуек.
/Қамыс/.
Ақ
сәлделі молдалар
Ертелі-кеш
аллалар.
/Қамыс/.
Буын-буын,
буыншақ,
Түйін-түйін,
түйіншек.
Қырық
қыздың шешесі,
Әлі
көрсем келіншек.
/Қамыс/.
Қатар-қатар
тізілген,
Үкілі
бөрік киінген.
/Қамыс/.
Өз
елімде ел едім,
Желпілдеген
жел едім.
Қырғызға
түстім қиылдым,
Қырық
жерімнен буылдым.
/Ши/.
Алыстан
қарасаң қара,
Жақындасаң
бала.
Ұстаған
таяқ,
Жесең
тамақ.
/Кеурек/.
Ұзақтан
қарасам аппақ,
Қасына
барсам шапшақ
Жеп
қарасам балдай,
Ұстап
қарасам талдай.
/Кеурек/.
Айтайын
мен бір жұмбақ қыл тамаша,
Тыңдама
жұмбағымды ұнамаса.
Ішінде
сүйектері бақша-бақша,
Басында
бар шағасы оннан аса.
/Кеурек/.
Сырты
бүтін,
Іші
түтін.
/Саңырауқұлақ/.
Аяғынан
қаз тұрған,
Қалпағы
бар антұрған.
/Саңырауқұлақ/.
Бір
кезде қыз келіншек болған мырза,
Өзінің
көркемдігіне болып ырза.
Бір
аздан соң түрін көрсең,
Қалады
бөлек-бөлек болып сайда.
/Өсімдіктің
өсуі мен қурауы/.
Мұз
астында қыстайды,
Жасыл
тонын тыстайды.
/Гүл
шешек/.
Тегіс
жер кесілді,
Арқандай
есілді.
/Жыртылған
жер/
Қыр
басында әрқилы,
Сары
теңіз толқиды.
/Егін/
Жезге
ұқсас сабағы,
Дәні
— халық тамағы.
/Бидай/
Асыраған
—
Ел-жұртты,
Жез
мұртты.
/Бидай/
Дөңестеу
жотасы,
Бауырында
сызығы,
Тамақтың
атасы,
Баршаның
ырзығы.
/Бидай/
Бұтақ
басында
Ұясы
бар,
Дәл
осында —
Өмірің
бар.
/Бидай/
Маржанын
түзген,
Сатылап
тізген.
/Масақ/
Біреуін
бердім,
Онын
тердім.
/Тұқым/
Аласа
терек,
Күлтеленген
жалына.
Ұнаса
керек,
Моншақ
таққан малына.
/Тары/
Табаны
суды сүйеді,
Қабағы
күнге күйеді.
/Күріш/
Түскенде
салқын күз,
Жинадық
алтын тіс.
/Жүгері/
Көктемде
Ақ
гүлге оранады,
Күзде
Қолға
доп боп оралады.
/Алма/
Ортасында
қазығы,
Бұтағында
азығы.
/Алма/
Желілері
жайылып,
Жол-жол
болып жатады.
Күн
нұрына бой ұрып,
Жердің
нәрін татады,
Жасыл
шатыр астында,
Кететіндей
үзіліп,
Тұр
көп маржан тасындай,
Мойыл
моншақ тізіліп.
/Жүзім/
Тіл
үйірген дәмі бар,
Сары
алтын түс — сәні бар.
Шақсаң
егер кептіріп,
Сүйегінің
дәні бар,
Баққа
тұрар сән беріп,
Алқа
етіп тізіп ал.
/Өрік/
Суық
ұрса бүрлейді,
Көктем
шыға гүлдейді.
Күнге
басын иеді,
Мол
шуақты сүйеді.
Күте
білсең бабымен,
Өнім
берер қабымен,
Қызыл,
сары түйіні,
Витаминдер
жиыны.
/Алша/
Қызыл
күрең түрі бар,
Тебіндеген
бүрі бар.
Піскен
кезде қаулайды,
Алтыннан
бір аумайды,
Бал
татыған нәрі бар,
Онда
емнің бәрі бар.
/Шабдалы/
Іші
аумаған жүгері,
Түрі-түсі
алмадай,
Ойымның
жоқ бүгері,
Жесең
бал деп қалмағай.
/Анар/
Шертсең
көк жолақ сыртынан,
Піссе
үн шықпас ұртынан.
Шикі
болса, сампылдап.
—
Тиме, - дейді таңқылдап.
/Қарбыз/
Қарала
қойымды,
Байлап
ем,
Желіде
жатып тойынды.
/Қауын/
Бақшадан
жер қазып,
Жиып
алдым жез қазық.
/Сәбіз/
Бұйра
тұлымы,
Желмен
ойнайды.
Қызыл
мұрыны,
Жерге
бойлайды.
/Сәбіз/
Тігіп
алып көк шатыр,
Қызылкүрең
доп жатыр.
/Қызылша/
Аласа
тал,
Тамаша
тал.
Самсап
тұр алмасы,
Ол
алқызыл,
Ол
қанқызыл,
Боялғанша,
алмашы!
/Қызанақ/
Доптар
жатыр желісі бар,
Қабат-қабат
терісі бар.
/Орамжапырақ/
Қос
құлағы қалқайып,
Су
ішкен сайын марқайып.
Күн
ысыса тон жинайды,
Доп
болғанда ел жинайды.
/Орамжапырақ/
Түбі
толған құмалақ.
/Картоп/
Көрсең
өскен желісін,
Жапырағы
қазтабан.
Мөлдір
қара жемісін,
Қыста
емес, жаз табам.
/Қарақат/
Күнді
аңдып шалқалап,
Гүлмен
жапқан қалқалап,
Бақшада
өскен теректің,
Дәндерінен
май тамар,
Шағып
жеген нәр табар.
/Күнбағыс/
Сырнайынан
төгіп жыр,
Күнге
сәлем беріп тұр.
/Күнбағыс/
Қалпағы
бар дөңгелек,
Сары
гүлмен қоршалған.
Қарай-қарай
күнге ерек,
Мойны
талып шаршаған.
/Күнбағыс/
Жүзін
орап гүлменен,
Күнге
қарап телмірер.
Тіспен
шағып,
Тілменен,
Дәмін
татқан ел білер.
/Күнбағыс/
Кең
алқап ақ түске,
Бейне
бір малғандай.
Күзде
де, тал түсте,
Қар
жауып қалғандай.
/Мақта
алқабы/
Тау-тау
ақ қар,
Ерімейді
ыстықта.
/Мақта/
Үйі
де жоқ,
Күйі
де жоқ.
Бірақ
Жауыннан
да,
Дауылдан
да,
Қымсынбайды.
Ыстыққа
да,
Суыққа
да,
Шын
шыдайды.
Шешуін
айта ғой,
Балалар
білсін жайды.
/Өсімдіктер/
Күн
нұрымен піседі,
Уылжып
қолға түседі.
/Жеміс/
Қар
астында қыстады,
Ақпен
бөркін тыстады.
/Бәйшешек/
Арулары
бақшаның,
Көктемді
қатты сағынып,
Шуаққа
шықты.
Шап
шағын,
Бантиктерін
тағынып.
/Алма
ағашы/
Дауылға
нық күші,
Ағаштың
мықтысы.
/Емен/
Дауылға
да, аязға да,
Шыдап
бағар мізбақпай.
Тау
етегі тұрағы,
Жап-жасыл
боп тұрады.
/Қарағай/
Жасыл
тонының бояуы,
Жыл
он екі ай оңбайды.
Діні,
бүршікті сояуы.
Қысқы
аязға тоңбайды.
/Шырша/
Ағаштардың
көркемі,
Мәңгі
жасыл бұтағы.
Мекен
ғып тау-өлкені,
Кәусар
ауа жұтады.
/Шырша/
Қысы-жазы
шешпейтін,
Көйлегі
бар жасылдан.
Өзгертпейді
еш кейпін,
Жаралғандай
асылдан.
/Шырша/
Топырақтан
нәр алып,
Тамырлары
таралып.
Өсіп
шықты еккенім,
Көріктенді
мекенім.
/Ағаш
көшеті/
Жасыл
болып жыпырлап өнеді,
Сары
болып үзіліп семеді.
/Жапырақтар/
Жазда
жайнайды,
Күзде
жайрайды.
/Ағаш
жапырағы/
Жазғы
киімі жасыл,
Қысқы
киімі ақшыл.
/Қар
жамылған ағаш/
Әсем
гүлді өсімдік,
Жыл
бойы тұрады.
Жапырағы
көгеріп,
Салтанат
та құрады,
Гүлшоқ
болып өріліп.
/Лавр/
Шөлде
Гүлдейді,
құлпырады,
Суда
Өмірі
қырқылады.
/Сексеуіл/
Тасты
тесіп, күресіп,
Терең
жайып тамырын.
Ақ
күлгін шөп тұр өсіп,
Қарсы
ап дәйім таң нұрын.
/Тау
гүлі/
Тасты
жапқан түк кілем,
Тамыры
жоқ, мүк кілең.
/Қына/
Өзіне
шап шақ,
Киген
қалпағы аппақ,
Балалар
тұр қаптап.
/Бақбақ/
Аумайды
бір қылыштан,
Пұліш
түсі жап-жасыл.
Соғылғандай
мырыштан,
Өтпейтұғын
жап-жасыл.
/Қияқ/
Саздауыт
жерде өседі.
Хош
иісі аңқыған,
Шипа
өсімдік деседі.
/Жалбыз/
Көлді
жердің,
Үкілі
аруы.
Өткір
желдің,
Саз
тартар қаруы.
/Қамыс/
Басына
үлпілдетіп таққан шашақ,
Бұралып
тал шыбықтай тұрған жасап.
/Қамыс/
Тұлымы
бар төбесінде,
Күлтеленіп
шумақталған,
Құлағы
бар денесінде,
Сұңғақ
бойы бунақталған.
/Қамыс/
Желден
қатты сасады,
Томпалаңдап
қашады.
Тірелгенше
дөңге кеп,
Дедектейді
дөңгелеп.
/Қаңбақ/
Бұтаға
ілген үлпершек,
Іші
нәрлі қызыл сөл,
Теріп алып үлгерсек.
/Бүлдірген/
ЕСЕП ЖӘНЕ САУДА ТУРАЛЫ ЖҰМБАҚТАР
Ол
не дүр бір нәрсе бар ойға зерек,
Жүгірер
әрлі-берлі дөп-дөңгелек.
Жай
нәрсе өз бетімен түк білмейді,
Қосымша
адамзаттың зейіні керек.
/Есепшот/.
Бір
нәрсе сондай епті жер баспайды,
Аптығып
ақылынан бір саспайды.
Данышпан
ақылы көп сондай зерек,
Жаңылып
басқа жөнге бір баспайды.
/Есепшот/.
Бір
қалаға қоныпты ұшып келіп,
Топтана
сексен сегіз қараша үйрек,
Төртеуден
бөлініпті бір сегізі,
Қалғаны
кілең оннан-оннан бөлек-бөлек,
Болған
соң бес адамның күзетшісі,
Жайылды
көк шалғында кейде өрістеп.
/Есепшот/.
Айнала
қарағайдан тұр терегі,
Адамға
ақыл қосса бар керегі.
Ол
өзі он өзекті жайлап өткен,
Сексен
сегіз келеді дөңгелегі.
/Есепшот/.
Бір
нәрсе бұл дүниеде жоқ дерегі,
Әр
жерде ақылдассаң бар керегі,
Қыстауы,
жаз жайлауы он өзенде,
Өзінің
сексен сегіз дөңгелегі.
/Есепшот/.
Бағылған
бір қорада жүздей саулық,
Соғылған
қорғаны бар биік тау қып.
Бес
қасқыр араласып бастан-аяқ,
Бірін
қуып, бірін тартып кетті қайтып.
/Есепшот
пен саусақ/.
Бітімді
төрт бұранда,сегіз сала,
Үстінде
ойнақтайды сексен бала.
Еш
пенде бұл жұмбақты тапқан емес,
Тауып
бер жұмбағымды шапшаң ғана.
/Есепшот/.
Айналасы
қорған,
Он
жігіт бар торыған.
Есебі
көңілден,
Арқаны
темірден.
/Есепшот/.
Бар
еді бір жұмбағым сексен сегіз,
Табасың
ақылменен ескерсеңіз.
Болғанда
бірі-онға, оны-мыңға,
Жауабын
кешіктірмей жеткерсеңіз.
/Есепшот/.
Қойыма
қора соқтым жермен жексен,
Бұл
қойым кейде сегіз, кейде сексен,
Сегізді
сексен менен қосып салса,
Болады
сексен сегіз бөгелместен.
/Есепшот/.
Бір
талай құс кеп қонды балағанға,
Болады
сексен сегіз санағанда.
Ішінде
сексен үйрек, сексен қарға,
Құйрығын
жан шыдатпас тарағанда.
/Есепшот/.
Сегіз
оннан құралған сексен сегіз,
Арасында
төрт-төрттен екі сегіз.
Кейде
жиып кетеді,кейде тосып,
Шешесіз
ақылға сап тексерсеңіз.
/Есепшот/.
Бір
нәрсе екі аяқты, сабағы бар,
Жейтұғын
дастархансыз табағы бар.
Жануар
не берсең де талғамайды,
Күніне
қырық асайтын тамағы бар.
/Таразы/.
Қам
қамал, қамқам қамал, қамқан кемер,
Бұл
қамқан тоқсан алты толып семер,
Құмырсқа
қисық жолын түзетеді,
Бар
ма екен осыдан да басқа себеп.
/Таразы/.
О,
құдайдың бұйрығы,
Төбесінде
құйрығы.
Алты
аяғы,
Екі
табаны бар,
Бір
таяғы бар.
/Таразы/.
Үш
тармақ, басы жұмыр сабағы бар,
Келмейтін
дастарханға табағы бар.
Берсеңде
қандай нәрсе жеп қояды,
Тоятын
қырық асаса тамағы бар.
/Безбен/.
Алты
аяғы бар,
Талдан
таяғы бар,
Арқасында
құйрығы бар,
Иесінен
бұйрығы бар.
/Безбен/.
Кішкентай
ғана безер,
Жер
дүниені кезер.
/Күміс
ақша/.
Дүние
аты мәшһүр болған қымбат,
Ықшамды
әдемілік, сонда сымбат.
Мақсатың
көңіліндегі табылады,
Адамға
ықыласпен қызмет қылмақ.
/Ақша/.
Жер
жүзінде бір қыз бар,
Қырық
ерге тиіпті,
Тиіпті
де шығыпты
Және
тағы қыз екен.
/Ақша/.
Кішкентай
ғана місіре,
Тәмәм
елдің жесіре.
/Тиын/.
Сабы
бар екі қарыс, басы қуыс,
Істейді
адамзатқа күнде жұмыс.
Бәрінде
жан біткеннін бірдей көрер,
Міндетті
қызметін етпес бұрыс.
/Метр,өлшеуіш/.
Бір
адам кейпі жаман, жалпақ бетті,
Тауыпты
ерге тимей қырық перзентті.
Әр
қайсы тоқсан алты бала туып,
Ол
өзі жансыз талай мыңға жетті.
/Бір,
қырық қадақ, тоқсан алты мысқал/.
Айтамын
мен бір жұмбақ сарасынан,
Мекке
мен Мәдиненің арасынан.
Тамаша
сірә мұндай көрдіңдер ме,
Анасы
туады екен баласынан.
/Қалып/.
ЖАНУАРЛАР ТУРАЛЫ ЖҰМБАҚТАР
Үсті
толы ине,
Бірақта,
іс тігіп,
Қадамайды
түйме.
/Кірпі/
Ешбір
бұйым тікпеген,
Үсті
толған көк тебен.
/Кірпі/
Тұмсығынан
торайдың,
Тұмсығы
бар аумаған.
Үстін
түгел орайтын,
Тоны
ине қаулаған.
/Кірпі/
Жұдырықтай
тұрқы,
Ошағанға
ұқсас сырты.
Бұл
не?
/Кірпі/
Денесі
буылтық,
Сырты
жасыл түк.
Өзі
сұр, бөрі емес,
Ұзын
құлақты, қоян емес,
Жұмыр
тұяқты, жылқы емес.
/Есек/.
Әртүрлі,
орта бойлы, ұзын құлақ,
Өзіне
міндеттесе қызмет қылмақ.
Бүріскен
жарық емес біткен тұяқ.
/Есек/.
Жанды
“сағат”,
Айқай
салады.
/Есек/.
Ол
надыр құм жануары,
Көзі
өткір, көңілі тар,
Басқа
ұрсаң, қылмайды намыс-ар.
Қара
түгіл ханда бар,
Қытайда
бар, Қырымда бар,
Түркістан,
Үрімде бар,
Хоразым,
Бұхарада бар.
/Ит/.
От
басында орайған,
Құйымшағы
сорайған.
/Тазы
ит/.
Үй
артында шоңқайма,
Буы
шығып тұрмай ма?
Салпаң
құлақ келед деп,
Қорқа-қорқа
тұрмай ма?!
/Ит/.
Төрт
аяқты мақұлық,
Үй
күзетеді ақырып,
Тындырғандай
кей жерде
Жата
кетер аһ ұрып.
/Ит/.
Бір
балық көрер көзге жүні майда,
Тимейді
майдалықтан ешбір пайда,
Қаруы
денесінде бір-ақ жерде,
Саны
бар, сапасы жоқ сида-сида,
Ибарат
да тіршілік ойына алмайды,
Қонып,
түнеп, жатады әлде қайда.
/Ит/.
От
басында құмған,
Екі
көзін жұмған.
/Мысық/.
Мұрты
бар, иегінде сақалы жоқ,
Тоны
бар, киерінде шапаны жоқ.
Пайдасы
үй ішінен табылған соң,
Далаға
кіріп-шығар сапары жоқ.
/Мысық/.
Шықпайды
үйден,
Тоны
жібектен.
Күндіз
ұйықтайды,
Түнде
дамыл таппайды.
Аңға
барады,
Сол
аңды үйден табады.
/Мысық/.
От
басында бүкір шал,
Құдайына
шүкір шал.
/Мысық/.
Түссе
күннің шуағы
Көзді
еріксіз жұмады.
Жылы
жерді сүйеді,
Беті-қолын
жуады.
/Мысық/.
Аузы
бейне шалғы орақ,
Шөп
емес, бірақ мал орады.
/Қасқыр/.
Бір
күні елден,
Он
күні жерден.
/Қасқыр/.
Белестен
шапқан бесті ат,
Бүкір
келген желісті ат.
Бейғам
елді іздейді,
Малдан
күдер үзбейді.
/Қасқыр/.
Тоғайда
айғыр кісінейді,
Ауылға
сірә келмейді.
/Қасқыр/.
Жол
бойында жортқан,
Сыбызғысын
тартқан.
/Қасқыр/.
Тоң
мойынды жуан көк,
Желіп,
жортып бүкеңдеп,
Несібесі
даладан,
Еңбек
қылмай жүрер тек.
/Қасқыр/.
Бір
нәрсе қайраты көп, болған күшті,
Басынан
өткізеді әрбір істі.
/Арыстан/.
Жануар
мақұлықтың біреуі өзі,
Іркілмей
жұмсайтұғын ірі тісті.
/Арыстан/.
Бар
екен бір айуан көпке таныс,
Мекені
жүрер оның тау мен қамыс.
Бұл
өзі ойласа көп, шапшаң, епті,
Жүректі
бір айуанға қойса бетті.
Қайтпайды
жара алмаса не өледі,
Өлмесе
тынбайды ол алмай көкті.
/Жолбарыс/.
Кілемнің
түрлеріндей жүндері бар,
Айбатты
жан шыдамас үндері бар.
Шаршы
бой, сұлу құйрық, қысқа құлақ,
Кететін
зиян қылып бір жер бар.
/Жолбарыс/.
Тауда
жүрген құмайды,
Көрген
адам сынайды.
Жыл
айналып толғанда,
Он
екі бұтақ болғанда,
Балта
тимей құлайды.
/Бұғы,жыл
толғанда мүйізі түсуі/.
Түсі
түйенікі,
Аяқ-басы
сиырдікі.
Құйрығы
ешкінікі,
Мүйізі
ғана өзінікі.
/Бұғы/.
Айтайын
мен бір жұмбақ тым тамаша,
Тыңдама
жұмбағымды ұнамаса.
Бойы
бар бір құлаштан астамырақ,
Басында
мүйізі бар оннан аса.
/Бұғы/.
Мақұлық
бар екен даусы зор,
Адамға
ұқсап бойында аяқ пен қол,
Мекені
тас бұлақтың төңірегінде,
Мынаны
тапқан жанның ақылы мол.
/Аю/.
Ыржаяды,
күледі,
Басқан
ізді біледі.
Таусылмайтын
шабысы,
Жұртқа
мәлім жүрісі.
/Түлкі/.
Жақпар
тастың астында
Қызыл
тонды қыз жатыр.
/Түлкі/.
Белестегі
бес бие,
Бақылдайды,
құрылдайды;
Құйрықтары
қара ала,
Қанаттары
сары ала.
/Ұлар/.
Жылқыны
қарнына қыстырып,
Түйені
ерніне қыстырып,
Есекті
құлағына қыстырып,
Қасқырды
ат қып мініп,
Айт
дегенде жүре берген.
/Қоян/.
Әңгелейді,
дөңгелейді,
Ұшқан
құстай,
Құс
десем, төрт аяғы бар,
Елек-селек,
екі құлағы бар.
/Қоян/.
Жол
үстінде қу қазық,
Мергеншіге
жол азық.
/Қоян/.
Бап,
бап, бап екен,
Басқан
ізім екен;
Құйрығында
меңі бар,
Меңді
қайда қоям екен.
/Қоян/.
Түйе
тістеген,
Итті
мінген.
Ешкіні
жетектеген,
Есекті
басына көтерген.
/Қоян/.
Жолсыз
жүгіреді,
Адамнан
күшті,
Тепсе
ізсіз,
Құлатса
елеусіз.
/Қоян/.
Жусаннан
аласа, бетегеден биік.
/Қоян/.
Аппақ
қардай тоны бар,
Күдірейген
жануар.
/Қоян/.
Тауға
шықса жүгірген,
Таудан
түссе сүрінген.
/Қоян/.
Есек
құйрықты, түйе ерінді,
Ит
сирақты, бұғы құйрықты.
/Қоян/.
Түйе
тұмсық, ит табан,
Көзін
жұмбай ұйықтаған.
/Қоян/.
Ит
мінген,
Есек
өңгерген,
Ешкі
бөктерген,
Келеді
бір мақұлық түйе айдаған.
/Қоян/.
Бір
мақұлық сар даланы ен жайлаған,
Ит
мініп, есек тіркеп, түйе айдаған.
Мұнымды
зерек болса ойлап табар,
Тапқанша
зерек емес жыл айналар.
/Қоян/.
Қос
құлағы тас төбеде ұзын-ақ,
Сыбдыр
сезсе жөнеп береді зымырап.
Қысты
күні қалың қарлы кеуекте
Шөпті
азық қып жатады біраз тыным ап.
/Қоян/.
Байшағырдың
түбінде балалап жатқан дуадақ.
/Қоян/.
Ішінде
бар жылқысы,
Сыртында
бар құлпысы.
Табанымен
ит басқан,
Әр
нәрседен көп сасқан.
Ши
түбінде жемі бар,
Бишараның
бас бармақтай меңі бар,
Осыны
тапсаң, жеңдің ал.
/Қоян/.
Басы
бар да шашы жоқ,
Көзі
бар да қасы жоқ.
Жүретін
аяғы жоқ,
Суықта
тоңбайды,
Ыстыққа
күймейді.
/Балық/.
Қанатты
бір мақұлық ұшып жүрмес,
Өңгедей
бұл жалғаннан дәурен сүрмес.
Ыстық
пен жаздыгүні пәрмені жоқ,
Тоқсанда
жаурадым деп үйге кірмес.
Бәрінде
жердің жүзін өрт алғанмен
Құданың
құдіретімен отқа күймес.
/Балық/.
Демсіз-үнсіз,
Жүрсе-үнсіз.
Басса
ізі жоқ,
Жүрсе
жолы жоқ.
/Балық/.
Жаны
бар, қаны бар,
Бес
сағат жерде тұрса,
Жаны
да жоқ, қаны да жоқ.
/Балық/.
Суда
өмір сүреді,
Сусыз
жерде шөлдейді.
Абайсызда
ұстасақ,
Кетемін
деп көнбейді.
/Балық/.
Құдіреттің
бір құсы,
Көкте
десем ізі жоқ,
Мекенінен
шықса өледі,
Оған
қылар емі жоқ.
Құлағы
жоқ, көзі бар,
Түсі
суық ызғарлы,
Аузында
айыр бізі бар.
/Балық/.
Бар
екен бір мақұлық дауысы зор,
Қолдары
адамға ұқсас, нәсілі сол.
Үйлері
тас бұлақтан жаратылған,
Тапқан
адам алады бәйгіні мол.
/Бақа/.
Ағараңдап
аузын ашқан,
Соқыраңдап
жерді басқан.
/Бақа/.
Жапа-жапа
жапалақ,
Дігірманға
бақылдап.
/Бақа/.
Тарпаң,
тарпаң тарбиған,
Түрі
жаман жарбиған.
/Бақа/.
Сасық
көлде ит үрер.
/Құрбақа/.
Сұм
жүзді, құралай көзді,
Киікше
секірген,
Бура
санды, жолбарыс тонды.
/Құрбақа/.
Көл,
өзен, дарияны жаны сүйген,
Жасынан
қора салып, қамыс шиден.
Қаншама
терең суды бойлағанда
Үстіне
бір тамшы да су тимеген.
/Андатыр/.
Бір
нәрсе жүре алмайды жерді басып,
Жерде
жоқ бұйыратын оған нәсіп.
Тұрағын
ол нәрсенің адам білмес,
Айтпаса
түсіндіріп біреу ашық.
/Балық/.
Жел,
жел, жел бием,
Желіндесе
кім білер.
Жау
жапырақ түбінде,
Құлындаса
кім білер.
/Балық/.
Бір
нәрсе қанаты жоқ ұшқан биік,
Сонда
да жүрмейді екен жерге тиіп.
Арасын
жер мен көктің өрт алса да,
Кетпейді
ешбір жері отқа күйіп.
/Балық/.
Алуан
дүркін аузында бір әккәр,
Неше
жұтқан жануарды көрдім әней,
Сүйегі
бақша-бақша тұр дәней.
/Балық/.
Бар
екен үш қанаты ұшып кетпес,
Егін
сап жұрт қатарлы кәсіп етпес.
Өзінің
мекенінен шығып кетсе,
Тіршілік
көремін деп үміт етпес.
/Балық/.
Өзі
шұбар,
Тамағына
таққаны -
Екі
тұмар.
/Шортан/.
Текшелеп
тебен арттым томашаға,
Домалағы
жазылар оңашада.
/Кірпі/.
Төрт
аяқты,
Мың
таяқты.
/Кірпі/.
Дегендей
ешкім тимесін,
Алыпты
қадап инесін.
/Кірпі/.
Алпыс
кісі аяқтастың,
Ал
таңертең таяқтастың.
Бәрін
бір жерге жатқызып,
Кейде
ұрысып алып қаштың.
/Кірпі/.
Шықпайды
бір мақұлық қорасынан,
Түгінің
ине өтпейді арасынан.
Тап
мұндай мақұлықты көргенім жоқ,
Айрылар
туа салып анасынан.
/Кірпі/.
Ұзамай
аз жортад,
Жол
жүруге шорқақ.
Үсті
толған ине,
Кіріп
кетер, тиме.
/Кірпі/.
Ағашты
орманның түбінен табасың,
Ине
шаншылған жөке деп қаласың.
/Кірпі/.
Далада
жабулы тоқпақ жатыр.
/Кірпі/.
Айтайын
бір жұмбағым тұңғиықта,
Жаратқан
барша жанға бір бұйрықты.
Болғанда
қоян құлақ, қой құйрықты,
Болғанда
мысық аяқ, түлкі тұмсық,
Айнала
тікенек, бір жүні қылшық.
/Кірпі/.
Бір
түйем бар үстіне жантақ артқан,
Өзі
сондай кетеген құдай атқан.
/Кірпі/.
Бір
мақұлық бар еді жүрген саяқ,
Кеудесіне
қарасам мүштімдей-ақ.
Түрін
байқап қара да, ет тамаша,
Үстінде
көтеріп тұр бір мың таяқ.
/Кірпі/.
Жәндік
көрдім аласа,
Түрі
басқа тамаша,
Ешбір
жанға қосылмас,
Жүреді
өзі оңаша.
Бірі
бата алмайды
Қасқыр,
аю, жолбарыс,
Ортаға
алып қамаса.
/Кірпі/.
Жер
астында жездем қамшысы жатыр.
/Жылан/.
Ұзын-ұзын,
ұзын келер,
Ұзын
бойлы қыз келер,
Қабақтары
қалтырап,
Маңдайлары
жалтырап.
/Жылан/.
Аяғы
жоқ, қолы жоқ,
Жүріп
кетсе жолы жоқ,
Үстіне
біткен жүні жоқ,
Сыйдырып
қойған таспадай,
Сипаласаң
міні жоқ.
/Жылан/.
Жылт-жылт
еткен,
Жылға
сайын өткен,
Бар
адам безген.
/Жылан/.
Ізі
бар,
Адымы
жоқ.
/Жылан/.
Төсек
астында шылғи қайыс.
/Жылан/.
Жапырақ
астында қара пышақ.
/Жылан/.
Жол
үстінде майлы қайыс.
/Жылан/.
Шөп
арасында ұзын қамыс.
/Жылан/.
Ши
түбінде шығыршық.
/Жылан/.
Айтайын
бір жұмбақты сізге батыр,
Өзінің
асты кеуек, үсті жалтыр.
Қазандай
қара тастың бауырында,
Бір
сүйір адам таппас зәрлі жатыр.
/Жылан/.
Дүниеде
бір найза бар сапталмаған,
Мүлкім
деп ешбір адам сақтамаған.
Бұрынғы
өтіп кеткен қариялар,
Найзаның
тиген жерін мақтамаған.
/Жылан/.
Айыр-айыр
тілі бар,
Шұбар
ала түрі бар,
Бәр
жәндіктің ішінде,
Қауіптісі
сол, біліп ал.
/Жылан/.
Жап-жалаңаш
мақұлық,
Адам
көрер түрі жоқ.
Тиіп
кетсе қақсатар,
Қабырғада
міні жоқ.
/Жылан/.
Жоқ
екен бір құйрықтан басқа қару,
Ешқандай
кәсіп етпес, пайда табу.
Өзіне
жастан болған әдет екен,
Мақұлыққа
жақындасқан найза салу.
/Жылан/.
Орманнан
шығар,
Сырты
шұбар.
Ала
түрлі,
Кілтең
сырлы.
/Жылан/.
Кемпір
- тіссіз,
Жүрсе
- ізсіз,
Тисең
- зиянды,
Өлтірсең
- қиянды.
/Жылан/.
Иір-иір
ізі бар.
/Жылан/.
Дүнияда
кірпіксіз жан не болады?
/Жылан/.
Ши
түбінде шұбар кездік.
/Кесіртке/.
Жау
келсе қатты сасады,
Құйрығын
тастай қашады.
/Кесіртке/.
Сауыттан
мықты шапаны,
Жиырылып
кейде жатады.
/Тасбақа/.
Асты
тас,
Үсті
тас,
Ортасында
шандыр бас.
/Тасбақа/.
Айдалада
тостаған,
Оны
нағып тастаған.
/Тасбақа/.
Өмірі
шықпай үйден бір,
Өз
үйін өзі сүйреп жүр.
/Тасбақа/.
Базардан
келген көк лөк,
Көк
лөктің көзі көк.
Үстіндегі
Жәнібек,
Жәнібектің
жаны жоқ.
/Тасбақа/.
Көк
ала бас көк бура,
Сырты
сұлу, күмбездей,
Далада
оттап жүрсе де
Бауырын
жазып шаба алмас,
Үйірін
іздеп таба алмас.
Үстіне
киген киімі
Бір
жыртылса жамалмас,
Оны
адамзат баға алмас.
/Тасбақа/.
Бір
нәрсе төрт аяқты, мал басты емес,
Не
адам, не дерексіз албасты емес.
Астында
бір нәрсесі салбыраған,
Аттың
жалы, атанның шудасы емес.
/Тасбақа/.
Бір
жігіт ақ боз үйден шыға келді,
Үстінде
алтай қызыл ішігі бар.
Жалма-жан
қол көтеріп сәлем берді,
Жанында
кейде нөкер, күшігі бар.
/Суыр/.
Жер
астында жездекем аты кісінейді.
/Суыр/.
Ары
жүгір қара шарт,
Бері
жүгір қара шарт.
Тал
түбіне тасталған,
Жылқыны
қарнына қыстырған.
Түйені
ерніне жапсырған,
Мұрты
бар, сақалы жоқ,
Айт
дегенде аяуы жоқ.
/Құндыз/.
Кішкене
ғана бойы бар,
Айналдырған
тоны бар.
Қанар
қапта не болса,
Бәрін
жейтін ойы бар.
/Тышқан/.
Ат
та емес, ит те емес,
Тістейтінін
қайтерсің.
/Тышқан/.
Басына
өскен тарбиып,
Жапырақсыз
бұтағы.
Алады
одан қан құйып.
Емге
шипа бұл дағы.
/Бұғы/
Жапырақ
жоқ бұтасында,
Қос
емен өсіп тұр бір басында.
/Бұғы/
Төбесінде
қу бұтақ,
Алар
екен кім бұтап.
/Бұғы/
Мүйізінен
таралған,
Жанға
шипа дәрі алған.
/Марал/
Есек
емес,
Жылқы
емес.
Екеуінің
ұқсастығы
Береді
тұрқы елес.
/Құлан/
Тұрқы,
түрі
Жылқы
тектес жалы бар,
Шөп
жеп түрлі,
Түзде
өскен жануар.
/Құлан/
Пысқырғыш
не?
Ысқырғыш
не?
/Құлан
мен жылан/
Жақпар
тастың өркешіне,
Секіреді
құламай.
Қия
құздың өр төсіне,
Орғып
шығар ол оңай.
/Арқар/
Тау
көтерген төрт қазық.
/Төртаяқ/
Жез
бейнелі өзі,
Кең
дала еркесі,
Мөп-мөлдір
көзі.
/Киік/
Айбарлы
сұсы бар,
Қанжардай
тісі бар.
Тұла
бойында
Тасыған
күші бар,
Күжірейген
жалды,
Білсең
айт
Бұл
аңды?
/Арыстан/
Түлкі
ұқсас тұрқы,
Бір
тоймайтын құлқы.
Аңдитыны
тастан,
Құс
пен тышқан.
/Қабылан/
Мойыны
тұтасқан,
Аузы
апан.
Жоны
жалпақ,
Бұты
талтақ.
/Бегемот/
Тік
жардай түсті,
Шұбатылған
Тұмсығы
күшті.
Таситын
жүкті,
Бұл
қандай мықты?
/Піл/
Қаймықпайды
күшті аңнан,
Қорқады
тек тышқаннан.
/Піл/
Түрі
жылқы бейнесі,
Жолақ-жолақ
жейдесі.
/Зебр/
Қара
ала тоны бар,
Аңдардың
ол краны.
Оны
сен де танып ал,
Серейіп
кеп тұрады.
/Жираф/
Мойыны
сорайған,
Сирағы
серейген.
Теңбіл
шұбар терісі,
Шөлдегі
аңның ірісі.
Жонында
жалы бар,
Бұл
қандай жануар?
/Жираф/
Иір
мүйіз,
Сүйір
мүйіз,
Ай
қабақты,
Май
бұғақты,
Тұла
бойы
Бұқа
мойын,
Бұл
қандай түлік,
Сен
де оны ал біліп?
/Қошқар/
Иір-иір
денесі,
Сахараның
кемесі,
Ащы
шөптер тамағы,
Шөлге
шыдап бағады.
/Түйе/
Көріп
тұрар бар ауыл,
Бір
тауда қос қарауыл.
/Түйе
өркеші/
Ұқсап
тұрған жақшаға,
Төбеде
өскен шақша ма?
/Ірі
қара мүйізі/
Желемік
күнгі толқындай,
Бұйрасы
бар,
Төл
тоны.
Бағалайды
алтындай,
Киім
тігіп, ел де оны.
/Қаракәл
елтірісі/
Жыртылмай-ақ
тоны,
Жамапты
оны.
Бір
жері қара ала,
Бір
жері сары ала,
Тігілмеген
бірақ
Бұл
қандай құрақ?
/Шұбар
мал терісі/
Тастан-тасқа
секіреді,
Қалқиып
қос құлағы.
Ойын
болып көкірегі,
Аула
оның тұрағы.
/Лақ/
Бұтақтарға
секіріп,
Әр
жерден қылт етеді.
Кейде
жаңғақ кеміріп,
Жоғары
өрлеп кетеді.
/Ақтиін/
Бұтақтардан
бұтаққа,
Орғиды
да қарғиды.
Кейде
салар бұлтаққа,
Құйрығымен
әрқилы.
Қос
құлағы делдиіп,
Тыныштықты
бағады,
Жемін
тауып жейді үйіп,
Домалатып
шағады.
/Тиін/
Шырша
саясы — күркесі,
Өзі
орман еркесі.
Қарғып
жүрер жан-жаққа,
Өте
құмар жаңғаққа.
/Тиін/
Сайқымазақ
қулығы бар,
Барған
жерде ұрлығы бар,
Бұл
қандай аң?
Ұғып
ал.
/Түлкі/
Қырда
жүрер ол жортып,
Іні
де жоқ бармайтын.
Құйрығымен
бұлтартып,
Қандай
аң ол алдайтын?
/Түлкі/
Жылқыны
қарына қыстырып,
Түйені
ерніне қыстырып,
Есекті
құлағына қыстырып,
Қасқырды
ат қып мініп,
«Әйт!»
дегенде жүре берген.
/Қоян/
Сылдырдан
қорқады,
Шошынып
жортады.
/Қоян/
Жылқы
тұмсық,
Ешкі
құйрық,
Есек
құлақ,
Түйе
ерінді,
Төрт
аяғы тең емес.
Бірі
ұзын,
Бірі
қысқа,
Қорқақ
өзі,
Қыли
көзі.
/Қоян/
Қорыққанда
желаяқ,
Отырғанда
томардай-ақ.
/Қоян/
Еріншекті,
Еміншекті,
Аямайды,
Қаламайды,
Шағады.
Мұны
кім табады?
/Ара/
Жаздай
жатпай,
Қырдағы
гүлді аралар,
Өзі
де татпай,
Жинар
гүл шырынын,
Тисең
оған кұрыдың,
Аямай
шағып жаралар.
/Ара/
Гүлдің
нәрін жинайды,
Адамға
бал сыйлайды,
Ұнатады
бірлікті,
Қоғамдасқан
тірлікті.
Еңбекқорды
аялайды,
Еріншекті
аямайды.
/Ара/
Түт
ағашын өрмелеп,
Жейтін
дәмі жапырақ.
Сілекейін
кермелеп,
Мата
тоқыр жалтырақ.
/Жібек
құрты/
Қалдырмай
баласын бір елі,
Қалтаға
салып-ап жүреді.
/Кенгуру/
Топырақ
пен көң астын,
Қопарып
ем,
Жыбырлаған
кен аштым.
/Жауын
құрты/
Шөп
ішінде жүреді,
Шақса
уын жаяды.
Зиянын
қойлар біледі,
Күйсетіп
жеп қояды.
/Қарақұрт/
Қанды
сорып сүліктей,
Ызыңдап
кеп шағады,
Бұл
қандай бүлік дой?
/Сона/
Тастан
салған үйі бар,
Көшіп
жүрер асықпай,
Қыста
ұйықтап бұйығар,
Тамақ
іздеп, ашықпай,
/Тасбақа/
Сұм
жүзді,
Құралай
көзді,
Киікше
секірген.
Бура
санды,
Жолбарыс
тонды.
/Құрбақа/
Қоңырқай
жүні бар,
Терісі
өте бағалы.
Аязды
күні жылынар,
Киім
тіккен жағалы.
/Жанат/
Ызыңдап
ән салып,
Жұп-жұқа
қанаты.
Тәттіге
тамсанып,
Қоқысқа
қонады.
/Шыбын/
Еріксе,
Құйрығымен
ойнайды.
Зеріксе,
Ұйқыға
бір тоймайды.
/Мысық/
Денесіне
қапталған,
Сырты
түбіт тоны бар.
Дыбыссыз
кіріп шығады,
Бүкірейген
жоны бар.
/Мысық/
Мұртын
сипап күн бойы,
Бетін
сусыз жуады.
Тысырды
аңдып түн бойы,
Тышқанды
көп қуады.
/Мысық/
Адамға
серік,
күзетке
берік.
/Ит/
Табанынан
тыз етіп,
Жүрсе
дағы сыз өтіп.
Күні-түні
ерінбей,
Үйді
жүрер күзетіп.
/Ит/
Сұрғылт
тартқан түсі бар,
Ақсиған
көп тісі бар,
Тыным
таппай жүгіріп,
Сілекейі
шұбырған,
Қыстау
маңын ториды,
Ауылдың
өш бар иті.
/Қасқыр/
Төрт
түліктің рэкеті,
Түзде
жүрер көк сері.
/Қасқыр/
Борық
іздеп ішінен,
Қара
жерді,
Беткейді,
Қопарады
тісімен,
Бірақ
егін екпейді.
/Қабан/
Жер
қопарған тісімен,
Сескенесің
түсінен.
/Қабан/
Тастамайды
бір елі,
Үйін
сүйреп жүреді.
/Тасбақа/
Құжынаған
жұмыскер
Бірлескенде
тым іскер.
/Құмырсқа/
Тор
тоқуға шебер-ақ,
Бірақ
киім тікпейді.
Өнері
де өнер-ақ,
Бірақ
ісі бітпейді.
/Өрмекші/
Шақылдап
ашықта,
Тік
тұрар қазықтай,
Жем
іздеп жортады,
Тысырдан
қорқады,
Інін
кеп сағалар,
Зып
етіп жоғалар.
/Саршұнақ/
Құм
жолда жортады,
Тұрса
жеп қияқты,
Сыбызғы
тартатын,
Музыкант
сияқты.
/Суыр/
Иір-иір
үйі бар,
Іші
қапас әрі тар,
Құлақ
тоссаң
Ызыңдаған
үні бар,
Бұл
не, біліп ал.
/Ұлу/
Қарақұрым
нөпірі,
Егін,
шөптің жебірі.
/Шегіртке/
Лақ
емес енесін еметін.
Бірақта
емшекке кім төнетін.
/Ешкіемер/
Шөл
даланы мекендеп,
Жүгіреді
секеңдеп.
Құйрығы
ұзын шашақты,
Аяғы
көп саусақты,
Түнде
іздеп керегін,
Інге
жинар қорегін.
/Қосаяқ/
Бар
дауысымен тақылдап,
Шалшық
көлді мақтайды.
Өзін-өзі
мақұлдап,
Бірін-бірі
жақтайды.
Тәулік
бойы бақылдап,
Мезгілімен
жатпайды.
/Бақа/
Таңдайлары
тақылдап,
Шулайтын
кім шалшықта,
Бірін-бірі
мақұлдап?
/Бақа/
Сабы
жоқ, қамшы,
Ешкімге
ұсынба,
Уы
бар бір тамшы,
Тілінің
ұшында.
/Жылан/
Сумаңдаған
тілі бар,
Бұраңдаған
ізі бар.
Тіл
ұшында уы бар,
Ол
не?
Біліп
ал!
/Жылан/
Жол
үстінде егіз өрім,
Қамшы
жатыр сегіз өрім.
/Жылан/
Үй
ішін аралап,
Түнде
көп жортады.
Қаптарды
жарып,
Мысықтан
қорқады.
/Тышқан/
Ойлайсың,
Көрсең
түйме деп,
Тұмсығын
тығып қадалып,
Шағады
бадалып,
Ақыры
өлер тоқтықтан,
Жан
берер оған соқтыққан.
/Кене/
Бітік
көз, салпаң құлақ, қайқы мұрын,
Көріп
пе ең мұндай хайуан бұдан бұрын.
Домалақ,
алды-арты бірдей екен,
Және
де көріп жүрсіз әрбір түрін.
/Шошқа/.
ЖЕР, ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ ТУРАЛЫ ЖҰМБАҚТАР
Сатайын
десем ауыр кілем,
Сатпайын
десем тәуір кілем.
/Жер/.
Өлшеусіз
піштім,
Жіпсіз
тіктім.
/Жер/.
Зер,
зер кілем, зер кілем,
Көтерейін
десем зор кілем.
/Жер/.
Қағар,
қағар, қағар кілем,
Қағайын
десе ауыр кілем.
/Жер/.
Бір
жатқан зор кемеңгер қара кісі,
Қимылдар
сол кісіден елдің тісі.
Талқандап
беті, жүзін тырнасаң да,
Бір
ауыз неге үйттің деу емес ісі.
/Жер/.
Жамандық
қып, шапқылап жарсаң басын,
Жақсылық қып аямас сенен асын.
Күні-түні
сонда да тепкілейсің,
Айтпайсың
оған тәңір жарылқасын.
/Жер/.
Жаһанда
бір алыпты көрдім күшті,
Барлық
салмақ дүниеде соған түсті.
Қандайын
дүниеде барлық жеміс,
Солардың
атрабында құрап пісті.
/Жер/.
Көк
жүнді бір өгіз бар еті қара,
Тілгіле
өне бойын етіп пара.
Етін
жеп жатсам-дағы майын сорып,
Болмайды
өлмек түгіл титтей жара.
/Жер/.
Көкторғын
көрдім мен
Көп
асыл қадаған.
Адам
жоқ өмірде
Асылын
санаған.
/Жер/.
Бір
зат бар дүниеде құшағы кең,
Ұшқан
құс, жүгірген аң бәріне тең.
Адамзат,
жан-жануар арасында
Мәңгілік
өсіп-өніп өмір сүрген.
/Жер/.
Жүресің-жүресің,
ұшын таппайсың,
Ары
жүрсең, қайтып келесің.
/Жер/.
Жайы-жайы,
жай кілем,
Жайылып
жатқан бір кілем,
Түр-түр
кілем,
Төгіліп
жатқан кір кілем.
/Көктемдегі
жер/.
Аждаһа
жерден шығып көкке өрлер,
Қысылып
өзгелерден бұрын терлер.
Түрі
бар аждаһаның неше түрлі,
Алады
қолы жеткен мініскерлер.
/Жер/.
Ұзын
кілемім бар,
Көтеріп
ала алмаймын.
Ұзын
арқаным бар,
Оны
жиып ала алмаймын.
/Жер
мен жол/.
Үлкен,
үлкен түйені
Тастапты
атам шөгеріп.
Өркеші
бұлтқа тиеді,
Бауыры
жатыр көгеріп.
/Тау/.
Көтеріп
орман, тоғай, тастың бәрін
Жапанда
шөгіп жатыр үлкен нарым.
/Тау/.
Ақ
жылан аяғы жоқ, көзі де жоқ,
Сөйлеген
не бір ауыз сөзі де жоқ.
Тоқтамай
қысы-жазы кезе берер,
Үстінде
бір жапырақ бөзі де жоқ.
/Өзен/.
Шыққанда
шығыны жоқ,
Жауса
жауын бүйірі тоқ,
Қыста
жылтыр қақ болар,
Түртінектеп
тынымы жоқ.
/Өзен/.
Бар-бар,
атым бар,
Жүйрік
қана затым бар.
Жылқыға
ұқсап кісінемес,
Қолға
ұстасам, тістемес.
/Арықтың
суы/.
Бір
шұқырда көп шұқыр,
Іштен
түртіп көп шұқыр.
/Бұлақ
суы/.
Ақ
боз атым арынды,
Ақ
көйлекке малынды,
Таудан
тасты атқылап,
Таудан
түсті шапқылап.
/Тау
бұлағы/.
Жылт-жылт
еткен,
Жырадан
өткен.
/Су/.
Ұзын-ұзын
ұз келеді,
Ұзын
бойлы қыз келеді.
Қасы
қалтырап,
Көзі
жалтырап.
/Су/.
Қара
атым қалтырауық,
Қабырғасы
жалтырауық.
/Су/.
Бір
жылан жол салыпты әрбір сайға,
Сай
түгіл жол салыпты әрбір жайға.
/Су/.
Бар-бар,
бар атым,
Бар
бойынша жорға атым.
Ажырақ
көрсең, тістеме,
Байтал
көрсең, кісінеме.
/Су/.
Аяғы
жоқ жүреді,
Сылқ-сылқ
күледі.
/Су/.
Бар
екен бір мақұлық өзі жансыз,
Келеді
кей жері әлді, кей жері әлсіз.
Кеудесі
жерден шығып, жерге кірген,
Шешуін
мұның біраз ойланарсыз.
/Аққан
су/.
Базардан
әкелген бұлымыз,
Жон
терісін тіліңіз.
Еті
арам, сорпасы адал,
Мұны
не деп біліңіз.
/Құдықтың
суы, топырақ/.
Қайда
қазған,
Тағдырда
жазған,
Барлық
жұртқа бір ана.
/Су,
дария/.
Отқа
жанбас,
Суға
батпас.
/Мұз/.
Отқа
күймейді,
Суға
шөкпейді.
/Мұз/.
Адам
тимей қағанағым жарылды.
/Мұз/.
Қыста
өседі ақ сәбіз
Төбесінде
үйлердің.
Дәнегі
жоқ шақсаңыз,
Соның
үшін тимедім.
/Мұз/.
Арқалық
салмай үй жаптым,
Суықта
жылжымай жаттым.
/Мұз/.
Шешесі-су
да, әкесі-суық,
Көктемде
өлер күзгүні туып.
/Мұз/.
Төмен
қарап өседі,
Күн
жылына өшеді.
/Сүңгі/.
Қыстыгүні
аппақ,
Жаздыгүні
сұп-сұйық.
/Қар,
су/.
Ақ
қойым тұрып кетті,
Қара
қойым жатып қалды.
/Қар
мен жер/.
Қыста
бар да, жазда жоқ,
Ол
көп болса көңіл тоқ.
/Қар/.
Қара
сиыр туып кетер,
Қара
сиыр жатып қалар.
/